2016 жылғы оқу гранттары үшін талапкерлер көбірек тапсырған мамандықтардың арасында география және алғашқы әскери дайындық мұғалімдігі танымал болды. Бұл туралы бүгін Астана Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры міндетін атқарушы Гүлзат Көбенова мәлім етті.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы 97 мың талапкердің ішінде 60 мыңға жуығы оқу гранттарын алу конкурсына қатысуда. Жалпы, 32 мыңға тарта грант бөлініп отыр.
«Қазақ тілінде «География» бағытында білім алуға конкурс бір орынға 28 адамнан, «Алғашқы әскери дайындық» - 22 адам, «Музыкалық білім» - 18, «Бейнелеу өнері» - 14, «Педагогика және психология» - 12 адам үміткер. Егер де орыс бөлімдеріне тоқталатын болсақ, онда «География» мамандығы бойынша бір орынға 18 адам үмітті, «Алғашқы әскери дайындық» бағытында - 15, «Бейнелеу өнері» - 11. Бұл ретте мұғалімдік кәсіп мектеп және колледж түлектері арасында танымал болып отырғандығын байқалуда», - деді ол.
Сонымен қатар Г. Көбенова биыл техникалық мамандықтарға студенттер арасында елеулі конкурс байқалып отырғандығын атап өтті. Қазақ бөлімдерінде «Геодезия және картография» (бір орынға 7-ден астам үміткер), «Ақпараттық жүйелер» (төрттен астам), «Электроэнергетика» (төрттен астам) бағыттарында конкурс көбірек.
Орыс тілі бөлімдерінде «Геодезия және картография» бойынша бір орынға алтыдан астам үміткер, ал «Электроэнергетикада» - төрттен асып отыр.
Осы арқылы аталған мамандықтарға конкурс орташа есеппен алғанда бір орынға 2-7 адамға үмітті болған.
Мұнымен қоса, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтарға да жоғары конкурстық деңгей тіркелген екен. Бұдан бөлек, «Стоматология» бағытында білім алуға ниеттілер көп тіркелді. Сондай-ақ орыс бөлімінде «Халықаралық қатынастар» бойынша бір орынға - 22 адам, «Құқықтануда» -12 адам үмітті.
«Биыл мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына негізделді. Осы орайда аталған басымдықтарды ескере отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға ескерілген. Сонымен қатар, 5 000 грант - педагогикалық, 2 690 грант - ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына, 3 000 грант - медициналық салаға мамандықтарға бөлініп отыр», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі