Қазақстан халықаралық келісімдер аясында сегіз елдің азаматтарына 100-ден астам оқу грантын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астана Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры міндетін атқарушы Гүлзат Көбенова мәлім етті.
«Халықаралық келісімдерге сәйкес, биыл бірқатар елдердің азаматтарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау жүргізіледі. Осы ретте Тәжікстаннан 90-нан астам, Қырғызстан - 4 адам, Қытай - 20 адам, Моңғолия - 1 адам, Украина - 1 адам, Беларусь - 3 адам, Мысыр - 1 адам, сондай-ақ Ауғанстаннан 46 адам қамтылмақ. Қазақстандағы ЖОО-ларда оқу гранттары бойынша барлық аталған үміткерлер санаттарының оқуы баламалы негізде халықаралық келісімдерде қарастырылған», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасында тиісті құжатқа қол қойылып, оған сәйкес, 2017 жылдан бастап көршілес елдің азаматтары бастапқыда дайындық бөлімінде оқымай, бірден ЖОО-да бірінші курстан бастап білім алуға үмітті болады. Жыл сайын Тәжікстан азаматтары үшін 100 орын бөлінеді. Биыл дайындық бөлімдерін тәмамдаған осы елдің 93 азаматының ішінен талапкерлерге арналған кешенді тестілеуге 77 адам қатысты. Сонымен қатар Тәжікстан білім министрлігінен 20 адам қабылдау туралы өтінім келіп түскен. Осы арқылы, 2016 жылы 97 адамды қабылдау жоспарланып отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі