ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде ата-аналардан алым-салық, ақша жинау проблемасымен күресуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.
Барлық жергілікті атқару органдарда мектептерде ақша жинауға тыйым салу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы бар екеніне тоқталған ол: «Егер де жергілікті жерлерде бұндай жағдайлар анықталса, бізге шағымдар түскен кезде, онда комитеттер сол жерге барып, әрбір оқиғаға қатысты тексереді. Осы ретте шағымданатын ата-аналар бар»,-деді.
Бұл тұрғыда ол осы мәселе бойынша барша білім беру басқармаларында тыйым салу туралы өзіндік бұйрықтары бар екенін атап өтті.
«Алайда, жергілікті жерлерлегі әрбір бөлек факті бойынша тиісті күрес жүргіземіз. Білім министрлігі жыл сайын мектептерде ақша жинауға жол бермеу үшін қажетті шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ бұл тақырыпты мүлдем жауып тастауға ниеттіміз»,-деді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бит раба
Мекетепте класта доска жазу корнбейды ол ушн ста сна акша жинау керек
Бауыржан
Министрлiк ен бiрiншi мектептi керек жаракпен камтамасыз етип алсын,биыл мектептер каншалыкты дайын биыл бiлiм болiмiнен краска жарытып болинген жок. Оны айтсан жаман атты боласын,ещё уялмай кызармай тексеремиз диди