Жаз кезінде күрделі жөндеу 373 мектепте жүргізілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.
«Республикадағы 526 мектеп күрделі жөндеу жүргізуді, 6600-інде ағымдағы жөндеу жұмыстарын қамту қажеттігі болды. Жаз кезінде күрделі жөндеу 373 мектепте, ал ағымдағы жөндеу шаралары 5745 мектепте жүргізілді. Қажеттілік бойынша толық жөндеуді Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы іске асырды», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, бірқатар өңірлерде қажеттілік бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына қаржыландыру толық көлемде көзделмеген. Мәселен, Алмат облысында қажеттілік 48 мектепті құраса, күрделі жөндеу 26 нысанда жүргізілді. Ал ШҚО-да жөндеу қажеттілігі 68 мектеп болса, күрделі жөндеу жұмыстары 19 ғимаратта жүргізілді.
«Оқу жылының басталуына байланысты қалған өңірлерде мектептерді қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысы жалғасуда», - деді Э. Суханбердиева.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі