Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 76-қадамында ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту қарастырылған. Біздің тілшімізбен әңгіме барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева білім берудің 12 жылдық моделін енгізудің мән-жайын айтып берді.
- Эльмира Амангелдіқызы, Қазақстанда 12 жылдық жалпы орта білімнің моделіне көшу қашан жүзеге асырылады және осы модельмен барлық орта мектептер қамтыла ма?
- 12 жылдық жалпы орта білім барлық мектептерде 2019-2020 оқу жылында іске асырылады.
- Жаңа оқу бағдарламалары әзірленді ме? Орта мектеп оқушылары алатын білім көлемі айтарлықтай арта ма?
- Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Үкіметтің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 Негізі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес даярланды.
Бүгінде білім берудің бастауыш деңгей пәндері бойынша 11 оқу бағдарламасы, сондай-ақ негізгі орта мектеп тұрғысында 17 оқу бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары бойынша оқытуда негізгі екпін кең шоғырлы дағдыға қойылып отыр.
- 12 жылдық жалпы орта білім беруге ауысуға қазақстандық ұстаздар даяр ма?
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы базасында педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. 2012-2015 жылдары деңгейлі бағдарламалар бойынша 52,5 мың мұғалім оқудан өтті. Бұл ретте олар білім берудің мазмұнын жаңарту мен 12 жылдыққа көшудегі мақсаттарды іске асыруға қолдау болады.
Сонымен қатар, биыл бағдарламалардың жаңарған мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 69 мың педагог өтті. Мазмұнды жаңарту жоғары оқу орындары мен колледждерде мұғалімдерді даярлау бағдарламасында да көрініс табады.
- Орта мектепте 12 жылдық білім беруге ауысуды қаржыландыру қандай қаржы көздерінен жүргізіледі?
- Оқулықтармен қамтамасыз ету жергілікті атқару органдары есебінен атқарылады. Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру республикалық бюджет есебінен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығында жүргізіледі, сондай-ақ бұл бағытта жергілікті бюджеттер тарапынан да тиісті қадамдар іске асырылады.
- 12 сыныпты орналастыру үшін қазақстандық мектептерде оқушылар орындары жеткілікті ме?
- Атап өтілгендей, 12 жылдық білім беру нөлдік сынып - 11 сынып ұстанымы бойынша енгізіледі, яғни нөлдік сынып 5-6 жастағы балалар үшін енгізіледі - мектепке дейінгі даярлық.
Бүгінде мектепке дейінгі даярлық біздің білім беру жүйемізде іске асырылуда.
12 жылдық оқытуға ауысқан кезде нөлдік сыныптан өту мүмкіндігі мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепте сақталады. Осы арқылы 12 жылдық білім беруді енгізумен оқушылар орнының тапшылығы болмайды.
- 12 жылдық орта білімге ауысу Қазақстан халқының жалпы білім деңгейіне қалайша әсер етеді деп ойлайсыз?
- Біздің елімізде білім берудің дәстүрлі жүйесінен алыстау талпыныстары бірнеше мәрте болған еді, алайда өзгерістерді фрагменттік енгізу білім берудің ескі мазмұнына таңылып отырды. Бұл өз кезегінде оқу үдерісінің күрделенуіне және берілетін ақпарат көлемінің артуына алып келді.
Білім беру мазмұны жаңаруының және 12 жылдыққа ауысудың нәтижесі ретінде білім беру сапасының артуы болуы қажет. Себебі, білімнің жаңа стандарты өмірлік іс-әрекетке дайындалған адамға негізделіп отыр. Яғни, осы шаралар белсенді әрі шығармашылық түрде ойлауға қауқарлы болуға және әрекет етуге, сондай-ақ зияткерлік, адамгершілік тұрғыда өздігінен дамуға бағытталған. Бұл ретте нәтижеге негізделген білім берудің моделін енгізуге ерекше мән беріліп отыр.
- Әңгімеңізге рахмет!
Автор: Руслан Ғаббасов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі