Қарағандыда егіз оқушыларға егіз мұғалімдер сабақ береді
Ал Қарағандыда биыл мектеп табалдырығын аттап жатқан егіздер көп. Бір білім ошағына кемі бір егізден келсе, кейбіріне 2 немесе 3 жұптан барып жатыр. Бір баланы мектепке жинауға қиналатындардың жанында, алғашқы қоңырауға артынып-тартынып келген егіздерге деген ықылас та бөлек. Мәселен, қаладағы №93 гимназияға биыл келген үш егіздер жұбына егіз мұғалімдер әліпбиді үйреткелі жатыр.
Аналары жетектеп келіп, айналасына үрке қараған егіздердің екі жұбы көзге оттай басылады. Томирис пен Урсуланы бантиктерінен ажыратуға келсе, егіз қозыдай екінші жұпты тек анасы таниды.
Алғашқы қоңыраудан соң сыныпқа кірген Ділназ бен Гүлназ анасынан гөрі, егіздің сыңары – әкесіне жақын. Өз басынан өткен соң қыздарының қылығы мен қызығы оған, әсіресе, ыстық.
«Жас кезімізде мен білмей жатқанды қарындасым айтып, қарындасым білмегенді мен айтатынмын. Жас кезде неше түрлі болады гой. Ұрыс, төбелес. Сондай кездерде қасымда жүгіріп жүретін», - дейді Мұрат Жұмаділдин Қарағанды қаласының тұрғыны.
Мектепке егіздер келсе, бірден бастауыш сыныптың мұғалімдері Салтанат пен Махаббатқа табысталады. Өйткені олар да егіздер. Бір біріне қатты ұқсамаса да бір құрсақтан қатар шыққан соң, өздері секілді егіздермен тез тіл табысады.
«Сыныбымызда казір 3 егіз бала келіп отыр. Сол егіздерді ұлды мен алайын қызды мен алайын деп екеуміз бөлістік. Дильназ Гүлназды Салтанат алды, Әдбрахим мен Абдрахманды мен алдым. Сосын Данияр мен Дилары бар оны жарайды сен алшы деп Салтанатқа бердім. Сөйтіп бөлістік. Ол да бізге қызықты.Әр жылда сынып алғанда сыныбымызда міндетті түрде егіздер болады»,- деді Салтанат және Махаббат Айтбай бастауыш сынып мұғалімдері.
Ұстаздар бір құрсақтан шыққан егіздерді алғашында айыру қиынға соғатынын жасырмайды. Бірақ кемі бір жылда оларды мектептегі еден жуушыға дейін ажыратады екен. Өздеріне тән қасиеттері арқылы. Ал танымағандар үшін бірінің атын бірі жамылып, балаға тән құйтырқы әрекеттерімен мектептегі күндердің көрігін қыздыру да осы егіздерден шығады.
Дереккөз: КТК
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі