Қарағанды облысында екі орта мектеп жаңа оқу жылында басшысыз қалды. Бұл туралы Теміртау қаласы Білім бөлімінің заңгері Алексей Дмитриев BNews.kz тілшісіне хабарлады.
«Енді заңға сәйкес, басшы лауазымына конкурс рәсімі жүргізіледі. Бір жарым ай ішінде жаңа директор тағайындаймыз деген үміттеміз, бірақ ол конкурсқа қатысуға өтінім білдіретін азаматтарға байланысты болады. Әзірге бұл мектептерде басшы міндетін атқарушы мұғалімдер жұмыс істеп отыр», - деп мәлімдеді А. Дмитриев.
Сондай-ақ мектеп директорлары өз мекемесін жаңа оқу жылына лайықты даярламағандықтан, жұмыстан босатылды. Тамыздың соңында әкімдік пен білім бөлімінің қызметкерлері тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша, №24 орта мектебінің директоры Нарманбет Ибадилдинов пен еңбек шарты бұзылды, ал №14 мектеп-лицей директоры Ольга Ткачук өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазды.
«31 тамыз күні №24 орта мектебінің аумағы лас болды. Директор тазалықты қадағаламаған және тазалыққа жауапты қызметкерлеріне сеніп отыра берген. Мектеп ішінде, тіпті спорт алаңында да шөп қаулап өскен. Ол жерде кене де, өрмекші де болды. Тексеру нәтижесі дұрыс болмағандықтан және директор осының барлығына жауапты болғандықтан, жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Ал №14 мектеп-лицейінде де тура сондай, сондай-ақ шөп орылмаған», - деп баяндады заңгер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі