Жаңа оқу жылы түркістандық мектептердің бірі үшін төтенше жайтпен басталды. 2 қыркүйек күні жоғарғы сынып оқушылары өзара ерегісіп, мұның соңы атыспен аяқталған. Бұзақылардың арасында мектепті бұрынырақ бітіріп кеткендері де бар. Олар ұсталып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.
Жегілікті TVK телеарнасының хабарлауынша, атыс салдарынан үш бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Үшеуіне де оқ тиіпті, қазіргі жағдайлары туралы ақпарат жоқ. Полицейлер болса осы іске қатысы бар екі күдіктіні ұстаған.
«Төбелестен кейін дереу 15 жастағы Бекжан Бақдәулет есімді оқушы ұсталды. Одан заттай айғақ ретінде 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп алынған. "Бұзақылық" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Екінші күдікті — 18- жастағы Дінислам Раушанбек. Полицейлер одан травматикалық тапанша тәркілеп алды. "Заңсыз қару-жарақ сақтау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Орын алған осы жайттан кейін қалада жаппай алдын алу шараларын бастап кеттік»,- дейді Тұркістан қалалық ІІБ басшысы Баһадыр Битұрсынов.
Айта кетейік, соңғы 8 айда Түркістанда жасөспірімдер қолымен жасалған 9 қылмыс тіркелген. Полицейлер олардың барлығының ашылғанын айтып отыр.
Ақпарат көзі: Sn.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі