Қазақстан балалар зорлық-зомбылығының алдын алу тәжірибесін таратуда донор елге айналды. Бұл пікірді бүгін Орталық Азия елдерінің жабық мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау симпозиумында тілшілерге сұхбат берген Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров мәлім етті.
«Біздерді балалар суициді оқиғаларының орын алуы, оқу мекемелерінде балаларға жасалатын зорлық фактілері алаңдатады. Бұл тұрғыда Қазақстан, яғни біздің мемлекеттік құқық қорғау ұйымдарымыз жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соңғы жылдары бізде бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, ЮНИСЕФ-пен отбасыдағы, мектептегі және қоғамдағы балалар проблемасын үш деңгейлі зерттеу жүргізілді. Осы орайда бұған дейін Қазақстан өзге елдердің жобаларына назар аударып келсе, осы жоба жүзеге асырылғаннан кейін біз аталған тәжірибемізді бөлісу тұрғысында донорға айналдық десек те болады», - деді Шәкіров.
Сонымен қатар ол арнай жүргізілген сауалнама мәліметтерін де жария етті. Оған сәйкес, жабық мекемелердегі педагогтердің 40 пайызы балаларға қатысты күш қолданғаны анықталған.
«Мекемелердегі балалардың құқықтарын қорғау мәселесі барынша өткір. Өйткені, қоғамның айрықша назарын талап етеді. Жоғарыда атап өткен жобалар барысында біз бұл мәселені зерделедік. Екі жыл бұрын аталған мекемелерде қандай ба бір проблемалар туралы мәселе көтерілмеген де еді. Дегенмен, сауалнама аталған мекемелердің сұралған қызметкерлерінің 40 пайызы тәрбиелік шара ретінде балаларға қол жұмсағаны белгілі болды», - деді өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, сауалнама көпдеңгейлі жоба аясында үш жыл бойы жүргізілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі