Қаршадай ғана корей қызы қазақ тілін меңгерген. Енді оңтүстіккореялық PhD докторант Кэмбридж университетінде Қазақстан жайлы және қазақ тіліне қатысты ғылыми ізденісте жүр.
Бұл туралы 24 арна хабарлайды.
Энджу Ку бұған дейін студенттік алмасу бағдарламасы бойынша Қазақстанда білім алған. Екі жылдың ішінде көп қиналмастан қазақ тілін үйренген. Қазақ достары үшін ыңғайлы болсын деп ол өз есімін Інжу деп өзгертіп алған.
Інжудің Қазақстанға деген қызығушылығы 12 жыл бұрын пайда болыпты. 2005 жылы ол Алматыдағы жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсіп, қазақ елімен танысу мүмкіндігіне ие болған екен. «Бірақ қазір тілді ұмытып барамын», - дейді ол.
"Иә, екі жылда. Бірақ мен қазір практика болмағандықтан жай-жай сөйлеймін. Бірақ сол кезде қазақтардан қазақша жақсы үйрендім. Қазақ тілін үйрену маған оңай. Өйткені біздің грамматикамыз ұқсас тұрады", - дейді Інжу.
«Қазақ тілінің Қазақстан еңбек нарығындағы экономикалық құндылығы» тақырыбында докторлық диссертация жазу Інжуге оңай болмай отыр. Өйткені Қазақстан жайлы ғылыми еңбектердің басым бөлігі орыс тілінде. Ал орысшаны ол түсінбейді.
Інжудің ойынша, қазірде Қазақстанда еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру саласында қазақ тіліне деген сұраныс артып келеді екен.
"Менің ойымша, қазақ тілінің бағасы бірте-бірте жоғарылап бара жатыр. Өйткені мемлекет көмек береді адамдарға көп тіл үйренуге", - дейді Кэмбридж университетінің PhD докторанты Энджу Ку.
Сондай-ақ Інжу қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін де жақсы біледі. Жоғары оқу орнындағы ешбір қоғамдық-мәдени іс-шара оның қатысуынсыз өтпейді. Кэмбридж университетінің оқытушылары болса Қазақстанның даму перспективасына оң баға беріп отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айнаш
Негізі 1-2 түркі тілін үйреніп алсаң барлық түркі тілдерді түсінесің, орыстан басқасының бәрі Қазақстанға келсе үйреніп алады әйтеуір