Офтальмологтар білім саласында қолға алынып жатқан реформалар балалардың көру қабілетіне кері әсерін тигізуде деген пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мектеп бітірген соң әрбір балада көру қабілетіне байланысты проблема туындайды. Олардың арасында кең таралғаны - көру қабілетінің нашарлығы. Оның бірінші себебі генетикалық орналасуына байланысты. Екіншісі көру қабілетіне тым көп салмақ түсіруде болып отыр. Оның барлығы мектептердегі білім беру реформаларымен байланысты екендігі түсінікті. Елімізде дарынды балаларға арналған мектептер саны күн санап өсіп келеді. Онда білім тереңдетілген тәсілмен беріледі. Осыған қарай мұндай мектептердегі бағдарлама да күрделі. Оның үстіне балалар түрлі гаджеттер мен компьютерлік технологияларды көп қолданады. Осының барлығы айналып келгенде балалардың көру қабілетінің нашарлауына алып келеді. Сондай-ақ осы себепке байланысты гиподинамия дамиды»,-деді «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қалалық филиалының жетекшісі Әйгерім Түлетова.
Оның сөзінше, бұл мәселеге байланысты кең ауқымды ғылыми зерттеулерді институт өкілдері бірнеше жыл бұрын жүргізген. Мамандар қандай тәсілмен білім беретін және қайда орналасқан мектептерде балалар офтальмопатология проблемаларымен кездесетіні нақтыланған.
«Білім саласы бойынша жүргізілген реформаларға сәйкес, балалар мектепке 3 жастан бастап дайындалады. Олар 3-4 жастан бастап-ақ санап, оқи бастайды. Бұрын мұндай жағдай болмаған. Бұл үдеріс үздіксіз жалғасса жағдай барған сайын күрделене береді. Балалар тіпті мүлдем көрмей қалуы да мүмкін. Сол себепті балалар жылында кеміне екі рет офтальмологтан ақыл-кеңес алып тұрулары керек»,-деп қосты Түлетова.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі