Өлең, жыр, ақындар

Премьер-Министр педиатриялық факультеттерді келесі жылдан қалдырмай қайта құруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында педиатриялық факультеттердің келесі жылы қыркүйектен бастап қайта құруды тапсырды. 

«Балалар дәрігері, педиатрларды даярлау туралы сұрақтар өте орынды көтерілуде. Дәрігерлер қателігінің құны өте жоғары. Ол балаларға қатысты болса тіпті ауыр. Сондықтан барлық ұсыныстарды қолдай отырып, Т.Дүйсенова (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр - ред.) мен Е.Сағадиевке (ҚР Білім және ғылым министрі - ред.) барлық медициналық оқу орындарында педиатриялық факультеттерді қайта құруды тапсырамын. Келесі жылдың қыркүйегінен бастап, педиатрларды даярлауға кірісуіміз қажет. Бұндай мәселелерде бізге эксперимент жасауға болмайды. Адамдар күтіп отыр. Сондықтан осы бағытта нақты жылжуымыз керек», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Еске сала кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов педиатрларды даярлау мәселесін көтерген болатын.

Ресми мәліметке сәйкес, 2012 жылы бес медициналық жоғары оқу орнында 742 педиатр даярланса, 2013 - 423 педиатр, ал 2014 тек 4 адам ғана педиатр бітіріп шыққан шыққан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Еділ

Дұрыс, балаларды ойлау керек, жақсы шешім!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар