Өлең, жыр, ақындар

Қамбар батырды "алқаш" еткен БҒМ оның ізбасарларын дайындап жатыр

«Бір қызымнан бір қызым сорақы» дегендей бір оқулығымыздан бір оқулығымыз сорақы болып барады. Өткен жылы ғана Қамбар батырды «алқаш» еткен БҒМ биыл 5 сынып оқушыларына сол Қамбар батырдың «жолына» қалай түсу керектігін үйретіп жатқан секілді.

Әрине, батырлық жолына, ерлік іздеріне қалай түсу керектігін үйретсе жаман тымағымызды аспанға лақтырып қуанар едік, сорақысы сол бұл жолы да оқулық құрастырушылар Қамбар батырдың өздері сомдап берген бейнесіне еліктейтін, сол «алқаштық жолға» бастайтын әдісті үйреткен екен. Айтпақшы бұл жолғысында 5-сынып оқушыларына, әсіресе қыздарымызға жігіттерді қалай масайтып, қалай «сындырып» кетуді де үйретіпті.

Сенбесеңіз оқып көріңіз, 5-сыныпқа арналған әдебиет оқулығында айдан анық жазылған.

Оқулық өңделіп, қайта басылған екен. Әрине, еліміздің болашағына, Елбасы сенім артқан ел ертеңіне білім беретін оқулықты Білім және Ғылым министрлігі ұсынғаны айтпаса да түсінікті жағдай.

 

"Атамұра" баспасында жарық көрген оқулықтың ұлдарымызды араққа, қыздарымызды төсекке үйретуі біздің қоғамды ойландырмайтын да секілді. Әсіресе ұрпақ тәрбиесіне жауапты ата-ана мен БҒМ бұл мәселеде көзжұмбайлық танытып, «гүл болмасаң бүл бол» деп отырғаны анық. Әйтпесе баяғыдан бері шығарып келе жатқан оқылықта жылда бір емес, бірнеше олқылық жіберетіндей не бастарына күн туып жүргенін түсіне алмадық.

Бұл оқулық 10-11 сыныптарға арналған болса, ешқандай әңгіме болмас еді. Өкініштісі де, сорақылығы да сол бұл оқулық 5-сыныпқа арналған. Ауыздарынан ана сүті кеппеген бүлдіршіндерімізді немен ауыздандырып жатқанымызды білгеніміз абзал!

Дереккөз: baq.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Гүлжан

Кітапты шығарғанда тексеріп, електен өткізсе қайтеді. Масқарааааа

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар