2017 жылдан бастап мектеп оқушылары алғашқы әскери-техникалық дайындық аясында көлік жүргізудің қыр-сырын меңгеретін болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу барысында ҚР Білім және ғылы министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Біз барлығы үшін 9-11 сыныптарда алғашқы әскери дайындықта автокөлік саласын оқытуды енгізу шешіміне келдік. Бұл өз кезегінде жолдарда апатты азайтады. Осы орайда мәселені Қорғаныс министрлігімен қарастырдық. Қазіргі кезде, яғни биылдан «алғашқы әскери дайындық» емес, «алғашқы әскери-техникалық дайындық» (АӘТД) деп аталады. 2017 жылдан бастап бұл пәнде жүргізуші куәлігін алуға автокөлік ісі бойынша сағаттар қамтылған. Бала АӘТД-ны оқығаннан кейін емтихан тапсыратындығы туралы анықтаманы алады. Бұдан кейін жүргізуші куәлігін алу үшін 18 жасқа толуын күтеді»,-деді Е. Сағадиев.
Оның сөзіне қарағанда, ҚР БҒМ мұғалімдерді даярлау міндетін өзіне алып отыр. Енді алғашқы әскери-техникалық дайындық аясында автокөлік ісіне бір күнді бөлуге болады. Оқушылар көлік басқаруды үйренуі үшін арнайы полигонға шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аружан
Өте тамаша көлікті айдасақ