2017 жылдан бастап мектепке дейінгі даярлық сыныбында жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту қанатқақты режімде енгізіледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, зерттеулер балалардың білім беру деңгейін теңестіру неғұрлым ерте бастау тиімді екенін көрсетіп отыр. Сондықтан да барлық дамыған елдер бұл үрдісті ерте бастайды.
«Мектепке дейінгі даярлық сыныбын бізде 2019 жылы енгізу жоспарланған еді. Алайда, қазіргі кезде ата-аналар мен мұғалімдердің ұсыныстарын ескере отырып, оны ертерек, яғни 2017 жылдан бастап қанатқақты режімде енгізуді көздедік. Ары қарай оның енгізілуі барысын байқап отырамыз»,-деді Е. Сағадиев 12 жылдық мектеп біліміне ауысу бойынша жоспарларды баяндаған кезде.
Оның сөзіне қарағанда, мектепке дейінгі даярлық сыныбында күніне 20-35 минуттан 3-4 сабақ өтеді. Осы сыныпқа 5 жастан қабылдау басталады. Мектепке дейінгі даярлық сыныбын мектепте және балабақшада да өтуге болады. Сондай-ақ министр 5 жастан бастап әліппе міндетті түрде оқытылатынын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Умит
Даярлык сыныбы жабылады екен деген әнгіме тарап жатыр.Ол жансак пікір ме?Жабылмаганы дурыс.Балага коп пайдасы бар.
Jadyra
Дайарлык сыныбы шын манинде 2020 да жабыладыма?