Ақмолалық оқушылар ұсынған жобалар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ең үздік танылды.
Польшаның астанасы Варшава қаласында өткен «Қазақстан - Польша - Нидерланды» ғылыми-практикалық конференциясына Ақмола облысының Есіл ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері 11 сынып оқушысы Николай Щербаков пен 9 сынып оқушысы Виталий Тарасов қатысты.
Николай Щербаков мектеп оқушыларының денсаулығын сақтаудағы проблема және «Би - бұл өмір» жобасы арқылы бидің әр бір бала үшін маңызды екенін дәлелдеп, бірінші орынды жеңіп алды. Николай өзі брейк-данс билеумен айналысады. Жобаға Регина Киреева жетекшілік етіп отыр.
Ал, Виталий Тарасов саусақтардағы папиллярлы тері сызықтары мен адамның мінез-құлқы және мүмкіндіктері арасындағы өзара байланысты анықтау бойынша жобасын ұсынды. Жоба жетекшісі - Марина Бондарева.
Конференциия аясында педагогтарға әлеуметтік ғылымдардың Польша академиясы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда қатысушылар Еуропадағы жоғары және орта білім алу ерекшеліктерімен танысты.
«Халықаралық конференцияда еліміздің абыройын қорғап, алғашқы орыннан көрінгеніме қатты ризамын. Ұстаздарымен мен осы байқауға қатысуға қол ұшын созған адамдарға алғысым шексіз», дей келе, Николай Щербаков Варшаваның ең әсем жерлеріне жасаған саяхатымен бөлісті.
Конференцияны ұйымдастыруға әріптестік танытқан Ақтөбе қаласындағы экология және инженерия кіші ғылым академиясы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі