Алдағы 5 жылда өнеркәсіп саласына 113 мыңға жуық маман қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Бүгінгі таңда 2,3 млн. экономикалық белсенді жастардың ішінде 42 пайызы жоғары білімді, 32 пайызының орта кәсіби білімі бар, ал 26 пайызы орта мектеп бағдарламасын игерген азаматтар. Бұлардың ішінде 1,7 млн.-ы жалдамалы жұмысшылар, 525 мыңы өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Ал олардың 10,3 пайызы ғана бүгінгі таңда өнеркәсіпте жұмыс істеуде», - деді Дүйсенова.
Оның сөзіне қарағанда, жоғары және орта кәсіби мамандыққа ие болған жастардың арасында инженерлік, техникалық кәсіпті таңдаған азаматтардың үлесі өте төмен. Ал жергілікті органдарға қарасты кәсіптік білім беретін оқу орындары әлі де болса еңбек нарығының сұранысына сай емес мамандық иелерін дайындауда.
«Мәселен өткен жылы оқу бітірушілердің 17 пайызын экономистер, 13,8 пайызын заңгерлер, 48 пайызын басқа да гуманитарлық сала мамандары құрады. Бұған дәлел ретінде мынадай статистикаға тоқталғым келеді. Өткен жылы жұмыс берушілер 197 мың бос жұмыс орындарын жариялады. Соның ішінде үлесі 16,6 пайызды құраған иенженерлік-техникалық мамандыққа деген қажеттілік жыл бойына жабылмай қалды. Егер өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмысшылардың арасында жасы 55-тен асқан азаматтардың үлесі 12 пайызға жуық екенін ескерсек, онда алдағы 5 жылда бізге өнеркәсіп саласына 113 мыңға жуық азаматтарды дайындап, өндіріске араластыру қажеттілігі туындап отыр», - деді министр.
Осыған орай Тамара Дүйсенова облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне биылғы жылы орта кәсіптік білім беру мекемелеріне мемлекеттік тапсырысты еңбек нарығындағы сұранысқа сай, яғни, өткен жылы жабылмай қалған бос орындарды, жұмыс берушілердің биылғы жылғы қажеттілігін ескере отырып орналастыруды өтінді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі