Өлең, жыр, ақындар

Шағын және орта бизнесті дамытуда кәсіпкер мәртебесін көтеру

Шымкент аграрлық колледжінің
ТК9-142 тобының студенті: Нұржан Ақерке
Жетекшісі: Абдрахимова Баян Абамусилимовна

 

Елбасы Н.Назарбаев халыққа жолдаған «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» атты стратегиялық Жолдауының бесінші бағытында “Шағын және орта бизнесті дамыту-ХХIғасырдағы Қазақстанды индустриялдық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Жаhандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалдардың күшін жою керек.Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс. Мен Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес - 2020» жол картасымен үйлестіруді тапсырдым. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы керек”, –деп  атап көрсеткен болатын

Шағын және орта бизнестің дамуы – бұл кез келген ел экономикасының дамуының негізі. Тәуелсіздіктің алғашқы бастауында-ақ шағын және орта бизнес қауымы маңызды сектор ретінде белгіленген болатын.

Қазіргі уақытта шағын жане орта бизнесті дамытуда кәсіпкерлік қызмет экономиканың жеке меншік секторы ретінде экономикалық қызметтерді жүзеге асыруда мемлекеттік секторға қарағанда жоғарғы еңбек өнімділік пен нәтижелілікті кеңінен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан да озат кәсіпкерлік қызметтің артықшылықтарын, ерекшеліктерін, сол қоғамдағы шағын және орта бизнестің атқаратын айрыкша рөлін былайша сипаттауға болады.

Кәсіпкерлік қызметке бағытталған қоғамдық ортада пайдалы тауарлар мен қызметтер тоқтаусыз өндіріліп,халық арасында қажеттілікке ие тауарлар мен қызеттердің кең таралатындығы, өмірге икемді жаңа идеялар ойланып шығарылатындығы, бұрын белгісіз болған қоғамның қажеттіліктері жаңадан ашылып, қоғамда пайда болған проблемалардың дер кезінде шешілетіндігі және өзінің жаңашылдық идеяларын, шығармашылық мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар бастамашыл адамдардың арқасында қоғам тоқырауға ұшырамайтындығы белгілі болды.

Кәсіпкерлік қызмет осылайша қоғамда шағын кәсіпорындардың пайда болуына жағдай жасайды да, олар сол қоғамның мақтанышы болатындай ірі кәсіпорындар немесе мультиұлттық компаниялар деңгейіне жетеді. Жаңа тауарлар және жаңа процестер, жаңа қызметтер пайда болуына жағдай жасайтын, сондай-ақ сол қоғамның әл-ауқаттылығын жоғарылатуға көмектесетін потенциалды жаңашыл адамдарды тәрбиелей отырып, экономикада шағын және орта кәсіп орындар жұмысыныңарқасында сапалы тауарлар мен қызметтер өндіріледі және жалпы қоғамда еңбек өнімділігінің өсуіне ынталандыратын бәсекелестік ортаны қалыптастырады.

Сондай-ақ жұмыссыздық  мәселесін төмендетеді,нарықты отандық тауарлармен толықтырады,қоғамның әл-ауқатының жоғарылауына алып келеді, ЖІӨ-нің өсуіне және экономиканың қарқындап дамуына оң әсерін тигізеді.

Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнестің дамуына айрықша үлес қосатын, потенциалды еңбек ресурсы- кәсіпкердің мәртебесін жоғарылатуға байланысты өзіндік үлес қоса отырып, менің мынадай ұсыныстар бергім келеді:

1. Бәсеклестік ортаны қалыптастыру мен антимонополиялық заңды одан әрі қарай жетілдіру;

2. Отандық өндірушілердің сапалы тауарлар шығаруы мен тиімді   қызмет жүргізуіне қалыпты жағдай жасауды жалғастыру;

3. Мемлекеттік органдар тарапынан болатын тексерістер санын қысқарту;

4. Салық жүйесін одан әрі қарай жетілдіру;

5. Ұзақ мерзімге және төмен пайызбен несиелендіруді жалғастыру;

6. Отандық кәсіпкерлерді халықаралық тәжірибелермен таныстыру үшін арнайы семинарлар, тәжірибе алмасулар жүргізуге жағдай жасау.

 

Әдебиет.

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. Егеменді Қазақстан газеті, қаңтар 2014ж.

2. «Шағын және орта кәсіпорындар». Қазақстанның статистикалық жылнамалығы, 2016ж.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар