25 қаңтарда елордада 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада алауы жағылады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.
«Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Универсиаданы ақпараттық тұрғыдан қолдау жұмыстарын арнайы медиа жоспарға сай жалғастыруда. Жоспар аясында еліміздің барлық мемлекеттік ақпарат құралдарында аталған шараға қатысты материалдар жүйелі түрде жарық көруде»,- деді ол.
Министрдің айтуынша, бұл жұмыстармен республикалық телерадиолар, газет-журналдар мен интернет ресурстар және тұтас өңірлік масс-медиа қамтылып отыр.
«Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу рәсімі толық аяқталды. Баршаңызға мәлім, 25 қаңтарда елордада Универсиада алауы жағылады. Министрлік бұл шараны жұртшылық назарына кеңінен ұсынуды жоспарлауда. Оған «Қазақстан» және «Хабардың» Астана мен Алматыдағы және облыстардағы барлық техникалық ресурстары тартылатын болады», - деді Абаев.
Айта кетейік, 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына әлемнің 59 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады.
Байрақты бәсекеде ел намысын 168 спортшы қорғайтын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі