Универсиада-2017-де ел намысын 168 спортшы қорғайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық мәселелері жайында баяндаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Бүгінгі күні спорт түрлері бойынша команда құрамалары анықталды. Біздің еліміздің атынан Универсиадада оның бағдарламасына енген спорттың барлық түрлері бойынша 168 спортшы мен 65 жаттықтырушы қатысады», - деді ол.
Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, спортшыларымыздың жақсы өнер көрсетуге Үкіметтің жазғы және қысқы дүниежүзілік Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бір реттік сыйақы белгілеу туралы шешімі ынталандыра түсетін болады.
«Бірінші орынға 4,9 млн. екінші орынға 3,3 млн., үшінші орынға 1,6 млн. теңге беріледі. Дәл осындай сыйақылар Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жаттықтушыларына да қарастырылған», - деді министр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі