Бүгін, 18 қаңтарда өткен Жастар мәселелері турасындағы жиналыста Олжас Сұлтанов Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа жобасын көрсетті.
"Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек деп ойлаймын. Сол себепті "банан бағы" жобамды ұсынамын. Қаланың Еуропа бөлігінде Досмұхамедов университетінің артында пішіні бананға ұқсайтын жер аумағы бос жатыр. Жайықтың жағасында орналасқан сол жерге жастарға арналған заманауи бақ тұрғызуды ұсынамын", - деді Олжас Сұлтанов.
Жоба авторының айтуынша, бақ ішінде мұз айдыны, аттракциондар, спорт кешені, балаларға арналған ойын алаңы, амфитеатр, велосипедшілерге, скейтбордшыларға арналған спорт алаңқайы, Жайық бойымен серуен құруға мүмкіндік беретін қайықтар мен катамарандар болады.
"Бұл идея маған қаланы дамыту туралы болған пікір алмасулардың бірінде келді. Жастарға мұндай бақ ауадай қажет деп ойлаймын. Бұл олардың уақытын тиімді өткізіп, оғаш әдеттерден аулақ болуына себеп болады", - дейді жас заңгер.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауиға жобаны мұқият зерттеп, ұсыныс енгізуді тапсырды. Аймақ басшысы, сонымен қатар, жастардың уақытын тиімді пайдаланып, өз-өздерін дамытуы үшін бар жағдайдың жасалып жатқанын тілге тиек етті.
"Жастардың уақытының тиімді, әрі сапалы өтуі үшін биыл "Жасыл ел" акциясы бойынша ашылатын жұмыс орындарының санын жергілікті бюджет есебінен кемінде 3 есеге дейін арттыруымыз керек. Бұл жастардың жазғы демалыс уақытында бос жүрмей, ақша тауып, тәжірибе жинауына үлкен көмек болады. Демалыс орындарының көп болуы олардың мәдениеті жоғары, білімді маман болып өсіп шығуына септігін тигізеді", - деді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, Атырау қаласында 10 саябақ жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы ауданы - 20 гектар. Бұлардың қатарына жақын аралықта жалпы ауданы 21 гектар болатын 3 саябақ қосылмақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі