ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Раxман Алшановтың айтуынша, ағымдағы жылы жас мамандар біліктілік орталықтары арқылы жұмысқа тұра алады.
"Биыл алғаш рет жұмыс берушілер кәсіби стандарттарды қалыптастыру ережесін бекітті. Соның негізінде біз оқыту бағдарламаларын жүргізуіміз керек. Президент те осы мәселені ерекше атап өтті, жаңғыру шаралары кезінде білімге негізгі басымдық беріледі. Ал білім беру жүйесі жұмыс берушілердің талаптарына сай болуы шарт. Демек, алдағы уақытта барлық білім беру стандарттары кәсіби стандарттардың негізінде даярланады. Енді, жұмыс берушілер біліктілікті тағайындау орталықтарын құрып, сол жерде отандық мамандардың сұранысқа сай екенін дәлелдейтін куәлікті беретін болады. Қазіргі кезде "Атамекен" палатасы мамандарды куәландыру орталықтарының тізімін жүргізуге арналған ережені әзірледі. Бұл дегеніміз, жоғары оқу орны диплом береді. Сосын жұмысқа тұрғыңыз келсе, орталыққа барасыз. Айталық, тау-кен саласы бойынша жұмыс істегіңіз келсе, арнайы орталыққа келесіз, сол жерден нақты категория бойынша куәлік беріледі. Сөйтіп, өндіріске барып, жұмыс істеуге болады. Біз осы мәселені ұзақ талқыладық. Енді, алғаш рет осындай шешім қабылданып отыр", - деді Алшанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов биылғы Жолдауда көрсетілген мәселелерге қатысты өз ойын білдірген. Федерация басшысы арнайы сауалнаманың нәтижесінде қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейінің анықталғанын жеткізді. Оның айтуынша, аталған жұмыстың толық есебі жақын арада Үкіметтің қарауына ұсынылады. Сондай-ақ ол қазіргі кезде Қазақстанның еңбек нарығында 20 мыңнан астам бос жұмыс орындарының бар екенін мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі