Павлодарда № 19 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Алмас Серікбаев балаларға тəжірибелік жұмыстарды орындауды жеңілдетін мобильдік қосымшаның қазақ тіліндегі нұсқасын құрастырып шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Бұл жоба ұялы телефондар арқылы 3 D форматында түрлі логикалық тапсырмалар мен жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Android-Delphi XE 5 бағдарламасы арқылы оқушылар суреттер мен сандарды қойғаннан кейін телефондарында орнатады. Андроид төрттен жоғары болуы керек. Сондай-ақ, түрлі аннимацияларды құрастырып, пішіндердің градустары мен бұрыштарын табуға болады. Бүгінде ұялы телефондарда 10 шақты жұмыс жасалды. Физика, математика, информатика және басқа да пәндер бойынша қолдануға болады», - дейді Алмас Серікбаев. Ұстаздың айтуынша, мобильді қосымша ұстаздарға көрнекі құралдарды 3 D форматында көрсете отырып, оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятады. Бұдан басқа, ол оқушыларымен бірге жүк тасымалдайтын робот құрастырған.
Айта кетерлігі, Алмас Серікбаев жас бағдарлама жасаушылар мен дербес компьютер пайдаланушыларының V республикалық «Алтын диск» байқауында «Жаңашыл ұстаз» аталымын жеңіп алған. Сондай-ақ ол «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» халықаралық байқауының үшінші орын иегері, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі