Өлең, жыр, ақындар

БҒМ грант шарттарын орындауды бақылайды

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ және «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді, деп қаржы орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған құжаттың аясында «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы «Нұр Арман» атты жобаның орындаушысы - Саяси менеджмент мектебіне грант иегерлерінің қойылған шарттарды орындауын бақылауға көмектесетін болады. «Нұр Арман» жобасының басты мақсаты - жетім қалған балаларға және әлеуметтік қорғауға алынған топтағы талантты, келешегі бар жастарға әлемнің үздік жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік беру.

«Бүгінде «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалдары осындай жастарды іздестіріп отырады. Ал Астанада арнайы құрылған комиссия үміткерлерді соңғы іріктеуден өткізеді. Осы уақытқа дейін 9 адам «Нұр Арман» жобасы аясында білім грантының иегері атанды. Қазір олар Ұлыбритания,Қытай, Малайзия мен Ресейдің жетекші университеттерінде білім алуда», -делінген ресми хабарламада.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар