Астана тұрғыны «Дискавери Бурабай» жазғы демалыс лагеріне жолдаманы мәжбүрлі түрде алғызып жатқандығына шағымданды.
Динара Қасенованың сөзіне қарағанда, 75 мың теңге тұратын жолдаманы сатып алудан бас тартқаны үшін №64 мектептің лицейлік 5 «Ғ» сыныбының жетекшісі баланы басқа қарапайым сыныпқа ауыстыратыны туралы айтқан. «Бұл жайт менің ашуымды келтірді. Қалайша лагерьдің мүддесін қорғауда? Осы арқылы заңнаманы елемей отыр», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Астананың Білім басқармасы осы шағымға назар аударып, арнайы комиссия құрды. Оның құрамына мәслихат депутаты, басқа мектептердегі директорлар мен ата-аналар комитеттерінің мүшелері енді. Комиссия отырысында №64 мектептің және 5 «Ғ» сыныбының ата-аналар комитетінің өкілдері шақыртылды.
Басқарма мәліметінше, бұл мектепте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары 6 жылдан бері іске асырылып келеді. Сонымен бірге жыл сайын лицейлік сыныптардағы оқушылардың тек 19-24 пайызы ғана лагерьге баруға ниет танытатындығы белгілі болды.
Қыркүйекте ата-аналар жиналыстарында балаларын демалыс орындарына апаруға шешім жасаған ата-аналар легерьге жібере алатыны туралы хабарланды. Осы орайда ұйымдастырылатын орын мен жолдаманың бағасы жөніндегі толық ақпаратты түсіндіру осы айға жоспарланған екен. Өткен жылдарда балалар басқа лагерьге барған көрінеді (Дискавери Бурабай емес) және жолдама құны 53 мың теңге, ал жеңілдікті санатқа 26 500 теңге болған.
«5 «Ғ» сыныбы мен мектептің ата-аналар комитеттері өкілдері жазғы лагерьге баруға мәжбүрлеу оқиғаларымен осыған дейін кездескен жоқ. Осы орайда барлық айтылған мәліметтер балаларды қарапайым сыныпқа ауыстыру сылтауымен лагерьге жіберуді мәжбүрлеу фактісі расталмағанын көрсетіп отыр», - деді Астана қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин аталған шағымға жауап беру кезінде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі