ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік Банкпен бірге қазақстандық ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасын қолға алды, деп ҚазАқпарат хабарлайды.
2016 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Парламенті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Даму және Қайта Құру банкінің арасында жасалған қарыз алуға байланысты келісімді ратификациялады.
Бүгін Астанада «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобы төрағасының орынбасары Мұрат Сартбаев аталмыш жоба жайында айтып берді.
Оның айтуынша, гранттық жобаға 30 миллион АҚШ доллары бөлініп отыр. Бағдарлама аясында 60-70 технологиялық стартап құрылады деп күтілуде. Сонымен қатар докторант мамандарды шетелде тәжірибеден өткізуге Дүниежүзілік банк 10 миллион АҚШ долларын бөліп отыр. Ал инновациялық консорциумдарды қаржылай демеуге 35 миллион АҚШ доллары көлемінде грант берілмек.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде үш гранттық бағдарлама қолға алынды. Олар: Аға ғылыми қызметкерлер тобы және Кіші ғылыми қызметкерлер тобы үшін грантттар бағдарламасы. Үшіншісі - консорциумдарды дамыту гранттық бағдарламасы. Ол өз кезегінде жылдың соңында басталады. Былтыр Аға ғылыми қызметкерлер тобы және Кіші ғылыми қызметкерлер тобы үшін грантттар бағдарламасының бірінші кезеңі өтті. 451 өтініштен 33 жоба қаржыландыруға ие болды. Бүгінгі таңда олардың бірнешеуі жүзеге асып отыр. Биыл аталмыш бағдарлама аясында 400-ден астам өтініш келді», - деді ол.
Оның сөзінше, Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің ортақ жобасы басты ұлттық инновациялық жүйенің институттарының әлеуетін арттыруға, инновациялық жобалар мен технологиялық стартаптарды қолдау іріктеу және нарықтық таңдау мезанизмін енгізуге, сондай-ақ, жеке секторларды қатысуға ынталандыруға бағытталған.
Жоба мақсаты - жоғары сапалы, мемлекет үшін аса маңызды зерттеулерді ынталандыру және технологияларды коммерцияландыру.
Үміткерлерді іріктеу және жобаларды бақылау жұмысын Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі Халықаралық кеңес жүргізетіндігін атап өткен жөн. Бағдарлама қазақстандық ғалымдар мен консорциумдардың ғылыми- зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған.
«Гранттың көлемі Аға ғылыми қызметкерлер тобы үшін 230 млн. теңгеден, Кіші ғылыми қызметкерлер тобы үшін 180 млн. теңгеден аспауы тиіс. Біз тек зертханалық зерттеулері аяқталған жобаларды қаржыландырамыз. Сонымен қатар басымдық өнеркәсіптік зерттеулерге беріледі. Жобаның соңғы нәтижесі сатылымға шығу, жеке меншік сектор инвестициялары немесе лицензиялық келісімдер жасасу арқылы 3-ші жылдың соңына қарай компанияны өзін-өзі қамтамасыз етуге жеткізу», - дейді М. Сартбаев.
Жалпы, айта кеткен жөн, Бүкіләлемдік банкта жобаларды қаржыландырудың сәтті тәжірибесі бар. 2011-2015 жылдар аралығында 65 технологиялық стартап қаржыландырылды. Олардың ішінде 40 жоба өз өнімдерін нарыққа шығарды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі