Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасын таныстырды.
"Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауда "бір әріп - бір дыбыс", "бір әріп - екі дыбыс" және "бір дыбыс" принципі қолданылды. 25 таңбалы әліпбиге қосымша қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту үшін 8 дыбысты таңбалайтын 8 деграфта ұсындық" , - деді Тілешов.
«Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындау бойынша әртүрлі сала мамандарынан, мекемелерден көптеген ұсыныстар болды. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдап алынды», деді ол.
Е. Тілешовтің айтуынша, жаңа әліпби қабылдау, бір таңбаларды екінші таңбалармен ғана ауыстыру емес, ол - бұрынғы әліпбилерде жіберілген емлеге қатысты жаңсақ жазуды дұрыстау. Осы реттен келгенде, әліпби жасау және оны енгізумен бірге жаңа жазу ережелері де қабылдануы тиіс.
«Жаңа әліпби нұсқасы негізінде Ш.Шаяхметов атындағы республикалық орталық қызметкерлері және сырттан шақырылған тұрғындар арасында бірнеше рет апробация жүргізілді. Оған қатысушылардың көпшілігі осы нұсқаға қолдау білдірді», - деп атап өтті тілдерді дамыту республикалық орталығының директоры.
Жаңа нұсқада "ә" дыбысы "ae" деграфымен берілсе, "ө" - "oe", "ү" - "ue" деп таңбаланды. Мәселен, "әлем" - "aelem", "өркен" - "oerken", "үкімет" - "uekimet" болмақ.
"Мұндағы айрықша тұрған дыбыс - "ң". Ол қазақ тіліне тән дыбыс, басқа тілдерде де бар. Біз оны "ng" деграфымен бердік. Осындай деграфпен беру ағылшын тілінде де, басқа бірнеше дыбыстарда кездеседі. Оны қабылдау да оңай болады", - деп атап көрсетті Тілешов.
Бұдан бөлек, "ғ" - "gh", "ч" - "ch", "ш" - "sh" және "ж" "zh" болып белгіленеді.
Ал "ц", "в", "ф" сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде жоқ дыбыстарды мүлдем алып тастау туралы ұсыныс болған.
"Тура осындай мәселе 1920 жылдары әліпби тақырыбы көтерілгенде айтылған болатын. Жат дыбыстарды кіргіземіз бе, жоқ па, осы мәселе қаралды. Аxмет Байтұрсынұлының әліпбиге қатысты еңбектерін мұқият оқысақ, біз Алаш зиялыларының кейбір кірме дыбыстардың қазақ әліпбиінен орын алуын жақтағанын да көреміз. Мысалы, білімпаздар сьезінде Аxмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің сақталуына аз да болса ақысы бар "һ" дыбысы жайында айтқан болатын. Өйткені "һ" дыбысымен айтылатын қазақтың өз тілінде аз да болса сөздер бар дейді. Яғни, Аxаң бастаған зиялылар егер сөздік қорымызда олардың орныққан белгілі бір сөздік қоры болса, ондай дыбысты сақтау қажет деп санайды. Біз де осы принципке келісіп отырмыз. Сондықтан жаңа әліпби нұсқасында осындай дыбыстарға орын бердік", - деп атап көрсетті Тілешов.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа нұсқаға апробация жасалды. Оған қатысқан азаматтар аталған әліпбиді қолдап отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Qanaghat
Qanaghattandyrylmaghandyqtaryngzdan
Мейрамгүл
Тілешов бәрін құртыпты! Асхана - Ashana деген сөздерді қалай жазамыз? Осы сияқты қарапайым нәрселерді көрмейді ма? Ең дұрысы және ең оңайы 1 әріп 1 дыбыс, өту де оңай, үйрену де
Арман
Ербол Тілешов қазақ халқын мазақ етіп отыр. Қабылдамаңдар бұл алфавитті. Қайта ана түріктің əріптері мың есе жақсы ғой, қаншама уақыттан қолданылып келе жатыр, проблемалары жоқ. Түсінікті, ыңғайлы. Мына алфавиттпен екі бірдей немесе қатарынан ш, ч, х, ғ, ə, ү... сияқты əріптер келіп қалса шатасып қаласың. Жұрттар одан сайын қиналып. Қиындатпаңдар, жеңілдетіңдер. Телефонның раскладкасын сылтау етіп, тілдің быт шытын шығармаңдар. Ең маңыздысы үйрену, жазу, оқылу оңай болу керек.
6 тіл білетін қарапайым қазақ!
В әрібін алып тастаса валидол, варикоз, вагон, велосипед, Вашингтон, Варшава сияқты сөздерді қалай жазамыз/айтамыз?
ф - ны алып тастаса фейсбук, фуникулер, фальцес, фальсификация, фальцет - дегендерді қалай жазамыз?
Тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры емес, цирк сайқымазағының нұсқасына ұқсайды.
aelem деп қиналмай әlem деп жазайық әзербайжандар сияқты, oerken емес örken деп жазайық түріктер сияқты. Олар бізге келсе, біз орларға барсақ ең болмағанда бір бірімізді түсінеміз.
Дастан
Ауысқанын қазақтың көбі қолдап отыр, бірақ мына алфавитті жақтырып тұрған адам жоқ!
Дастан
Біздің мемлекеттің басында басы істейтін ададмдар бар ма өзі?
Саттар
Тіл адамдардың арасындағы қарым қатынасты жақсарту, бір бірін түсіну құралы. Сондықтан әзірбайжан мен түріктің қолданысында жүрген әліпбиін қолданған барлық тұрғыдан жөн болар. 1- жылдар бойы тәжірибеден өткен 2 - тілдеріміздің түбі бір болғандықтан, біздің тілге де сай 3 - Ара қатынастарымызды жақсартады, түркі халықтардың бірігуіне септігін тигізеді 4 - Сол әліпбиге ауысқан сәттен бастап әзірбайжан (9 477 000 адам) түрік (72,600,000) және әлем бойынша осы тілдерді меңгерген милиондаған түрлі ұлт өкілдері қазақ тілін түсіне бастайды және тез үйреніп кетуіне үлкен септігін тигізеді. Бір мезетте қазақ тілінің дамуына ерекше серпіліс береді. Осындай құнды өзгерістерге себеп болатын әліпбиді қолданбай, жоғарыдағы ұсқынсыз, қатесі көп, тәжірибеден өтпеген, ыңғайсыз және қиын болған әліпбиді қазақтың нағыз жаулары, сатқындары ғана ұсынынады және құптайды.
Ерқожа
Пернетақтаны сылтау етпей-ақ қойыңдар! Қытай, Корея, Жапондар қиналмаяқ жүр емес пе?
Байтұрсын
Хабарды қосып қалсам осы әліпбиді мақтап жатыр екен, интернетті ашсам халық даттап жатыр. Халық бір бөлек билік бір бөлек әлем. Ең жаманы билікке халықтың жағдайы, ойы маңызды емес. Ал негізінде ең басты МІНДЕТІ халықтың қамын ойлау болу керек. Ал әліпбиге келсек, біздің тілге келмейді екен. Тілімізді қиындатып жібереді. Кәзірдің өзінде қазақ тілінде сөйлемейтіндер бар. Бұл әліпбимен одан да көбейе түседі.
Талғат
Өте жақсы жасаған. Үйренуге еш қиындық келтірмейді.
Аманжол
Талғат, еш жақсы емес, жақсы деушілер не ТЖ-лар не ақымақтар не болмаса қазақ тілінің нағыз жаулары