2025 жылға қарай латын әліпбиіне толықтай ене аламыз. Бұл туралы Ш. Шаяхметов атындағы республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов мәлім етті.
«Жобада қазақтың 28 дыбысының барлығы берілді. А. Байтұрсынұлының фонетикалық, лингвистикалық принцпі, сонымен қатар Алаш зиялыларының ұстанымы, мұнымен қоса 1924 жылы Орынборда қазақ білімпаздарының съезі болған, сонда қарастырылған ұстанымдар ескерілді. Ондағы ең басты ұстаным - қазақтың дыбысын сақтау, екіншіден, қазақтың жуан жіңішке сыңары үндестік заңын сақтау», - деді Тілешов Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдаудан кейін.
Орталық директоры жаңа әліпбидің жобасы таяу арада сайттарда жарияланатынын атап өтті.
«Менің білуімше, күні ертең «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланатын болады», - деді Е. Тілешов.
«Қазақстан тілінде 28 дыбыс бар. Бүгін ұсынған әліпбиімізде 25 таңба қамытылған, оған қоса 8 диграф бар. Осы орайда бұның барлығы қазақтың бүкіл дыбыстық жүйесін беріп тұр», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасын таныстырған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Қаныгүл
Қазақ тілі пəнінің мұғалімімін.Латын графикасына өтетінімізге өте қуаныштымын.Латын əліпбиін жасауда аса мəн берген дұрыс.Əсіресе дауысты дыбыстарды енгізу.Мысалы жіңішке дауысты дыбыстар: ə і ү ө дыбыстарына таңба беру керек деп ойлаймын.Əлде диграф па?
Бота
Диграф керек емес, ə і ү ө дыбыстарына таңба беру керек
Асел
Латын графикасына өтетінімізге көбіміз қуаныштымыз, бірақ ұсқынсыз әліпбимен қуанышымызды ызаға айналдырып жіберді
Талғат
Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді үйлестіру республикалық орталығы ұсынған жоба өте қүптарлық, көңілімнен шықты. Қазақтың барлық төл дыбыстары мен үндестік заңдылығы сақталған. пернетақта да ауыстырып әуре болмайсың
Айдар
Талғат, оны Ashat - қа айт (Ашат емес Асхатқа) Ashana деген не ол? Асхана ма, Ашана ма? Пернетақтаны сылтау етпей-ақ қойыңдар! Қытай, Корея, Жапондар пернетақтадан қиналмай-ақ әлемнің алдында келе жатыр, озық технология шығарып. U - У болу керек Ұ емес! И мен І бір әріп болуы да қате! Кітап дегенің КИТАП не КІТАП деп оқылады ма? Сауатсыздар пайда болады, үйреніп жатқандарды шатастырады. Ең сорлы жоба! Қысқасы қателері өте көп. Дилетанттар дайындаған сияқты. "Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. (...) Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби қолайсыз болады." деп кезінде Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткен екен! Біздің тілге Ғ-Ğ, Ө-Ö, Ч-Ç, Ү-Ü, Ш-Ş осылар сай келеді. Бұл әрәптерді енгізу, пайдалану барлық жағынан тиімді, ақылға қонымды.