Елбасы тапсырмасына сәйкес биылғы жылдан бастап жастардың бірінші жұмысшы мамандығын алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба шеңберіндегі жаңалықтардың бірі - арнайы пәндерді колледждерде ағылшын тілінде оқыту. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы хабарлайды.
Осы бағытта биыл облыстың 3 колледжі 7 арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды бастады.
Жобаны жүзеге асыру үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы қабылданды.
Сондай-ақ, «Информатика» пәнін кезең-кезеңімен ағылшын тілінде оқытуға көшіру қолға алынуда. Оған «Кәсіпқор» холдингінің ағылшын тіліндегі 5 оқулығы пайланылуда. Осы ретте, жыл сайын әрбір колледж кем дегенде екі арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу жөнінде түпкілікті шаралар қабылдайды.
Сонымен бірге, биылдан бастап кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселе - білім алушылардың жұмысшы мамандығы бойынша бірнеше біліктіліктерді қатар алып шығуы маңызды.
Осы мақсатта, бүгінгі күнде, 11 колледжде 18 мамандық бойынша студенттер бірнеше, яғни 38 біліктілік бойынша білім алуда. Осыған орай, әрбір колледж жыл сайын кем дегенде бір мамандық бойынша бірнеше біліктіліктерді қатар беруді қамтамасыз етеді.
Колледж студенттерін кәсіпкерлікпен айналысуға құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін 36 сағаттық факультативтік курс ретінде колледждерде биылғы жылдан бастап енгізілді. Факультативтік курсты енгізу арқылы облыстық кәсіпкерлер палатасының сұранысын толық жүзеге асырылды. Ендігі кезек осы жаңалықтарды жүйелі түрде оқу үдерісіне қосу үшін колледждердің кадрлық құрамының сапасын арттыру міндеті тұр.
Осы мақсатта, 2017 жылы «Кәсіпқор» холдингінің ұйымдастырумен модульдік білім бағдарламалары бойынша 240 инженер-педагог және 11 колледж директоры халықаралық менеджмент 3 деңгейлі біліктілік арттыру курстарынан өтті. Келесі жылы бұл санды 310-ға дейін арттыру (240-тан) жөнінде «Кәсіпқор» холдингімен келіссөздер жүргізілуде, оның ішінде ағылшын тілінде оқытылатын CLIL бағдарламасына қатысушылардың саны артады.
Қызылорда колледждерінің инженер-педагог кадрларын ағылшын тілінде өтетін тағылымдамаларға еуропалық және Шығыс Азия мемлекеттеріне жіберу жоспарланған. Бұл бұрын-соңды болмаған тәжірибе. Осылайша, қазір колледждердің 15 педагогі Ұлыбритания, Финляндия, Чехия және Малайзия мемлекеттеріне тағылымдамадан өту үшін баратын болады. Бұл жұмыс ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасының тәжірибесі негізінде жүргізілуде және келер жылы да жалғасады.
Тоқталып өтер жайт, «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» мәселелері Елбасының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің 77-қадамында нақты айтылған. Онда экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату мәселесі міндеттелген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі