ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа аттестациялау жүйесін енгізуге байланысты, мұғалімдер жалақысына үстеме қосу тәртібін түсіндіріп берді.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта біліктілікті растаудың жаңа жүйесі әзірленіп жатыр. Жаңа жүйе екі кезеңнен құралады. Алдымен педагогтар ұлттық біліктілік тестін тапсырады. Одан кейін педагог қызметінің қорытындыларын кешенді жалпылау жұмысы жүргізіледі. Осылайша, өз біліктілігін дәлелдеген қазақстандық мұғалімнің еңбекақысы 20-50% аралығында көбейеді.
Өткен жылы және алдыңғы жылдары өз біліктіліктерін растаған мамандар үшін үстемеақының ескі жүйесі сақталатын болады.
«Қазіргі заңнамаға сәйкес, бұл біліктіліктер 5 жылға дейін жарамды және заңды ешкім өзгертпейді. Сондықтан, барлық ескі санаттар мен оларға тағайындалған үстемеақылар сақталады», - деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ, мұғалімдер өз қалауымен жаңа жүйеге сәйкес біліктіліктерін көтеріп, жаңа кесте бойынша үстеме ақы алуына мүмкіндік бар.
Еске сала кетсек, ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес, 2018 жылы ұлттық біліктілік тестін енгізу жоспарланған.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айжан
Менің білгім келетіні, деңгейлік бітірген мұғалімдердің ақшасы 5 жылдан соң тоқтап қала ма?
Жанат
2017жылы деңгейліктің біріншісін оқып бітірдім.енді неге ақшасы төленбейді. 3 ай бойы оқып тест тапсырдық
пак
Дұрыс. Айтат