Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәжілісмен Ирина Смирнова есту қабілеті нашар адамдардың өмірін жақсарту бағытында ұсыныс білдірді.
«Бүгінгі таңда Қазақстандағы бірде-бір ЖОО-да немесе колледжінде ым тілінің мамандары жоқтың қасы. Бұл жағдай (мүмкіндігі шектеулі жандардың - авт.) орта және жоғары білім алуда айтарлықтай кедергі болып тұр. Сонымен бірге, аталған ахуал мүгедектердің құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына қарама-қайшы. Есту қабілетінде кемшілігі бар бір ғана мүгедек белгілі бір ЖОО-да оқитын болса, онда ол оқу орнында ым тілін меңгерген маман болуы керек. ҰБТ тапсырғанда ым тілінің аудармашылары қарастырылмаған. Демек, есту бойынша мүгедектігі бар абитуриенттер толық ақпарат ала алмай отыр», - дейді Ирина Смирнова ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке депутаттық сауал жолдай отырып.
Депутат Қазақстанда бүгінгі таңда ым тілін меңгерген аудармашы мамандарды даярлайтын бірде-бір ЖОО жоғын алға тартты.
«Есту қабілеті бойынша мүгедектерді магистратураға қабылдау қарастырылмаған. Себебі, шет тілі бойынша емтиханда аудиожазбадан естілетін мәтін бойынша жұмыс істеуге міндеттеледі. Ал есту қабілеті нашар мүгедектерге ол емтиханнан өту жолдары қарастырылмаған. Бұл кемсітушілік секілді. Сондықтан, аудиомәтіндерді жазбаша түрге ауыстырған абзал. Осы мәселелердің барлығы белгілі бір шешімді талап етеді», - дейді Ирина Смирнова.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі