Педагогтар мен ата-аналар Kundelik.kz жүйесімен жұмыс істеу күрделі екеніне шағымдануда. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаевқа жолдаған сауалында депутат Айзада Құрманова айтты.
«Жақында Білім және ғылым министрлігі кең жолақты интернеті бар мектептерде тек электронды журналдар толтырылатынын мәлімдеді. (...) Электронды журналдарды сақтау ұзақ мерзімді түрде сақтау үшін резервтік көшірме жүйесін талап етеді. Қазіргі кезде мектептерде осындай жағдай жоқ. Сонымен қатар электронды журналдарды сақтаудың нұсқаулары мен ережесі де ескерілмеген. Әрбір тоқсанның соңында электронды журналдарды басып шығарудың өзі тиісті шығындарды тудырады. Сәйкесінше, осы шараларға мектептерде бюджеттік қаржы қарастырылмаған», - деп тоқталды А. Құрманова Мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бөлек, депутаттар Kundelik.kz жүйесінің қауіпсіздігіне күмәнмен қарайтындығын айтты.
«Алматы қаласындағы № 61 мектептегі оқиғаға тоқталсақ, сол кезде белгісіз біреулер электронды күнделіктерде бірнеше оқушының аватаркаларын өзгерткен. Осы арқылы бұл жағдай оқушылардың жеке мәліметтерін қорғау қажеттігін көрсетті», - деді ол.
Сонымен қатар депутат министрлік өкілдері осыған дейін бұл жүйеге ата-аналардың ерікті әрі ақысыз түрде қатысатындығы туралы бірнеше рет жариялағанын сөз етті. Оның айтуынша, шын мәнінде Kundelik.kz. қызметтерінің бір бөлігі ғана ақысыз, ал ата-аналарға қажетті бірқатары ақылы болып отыр.
«Педагогтар Kundelik.kz-ті енгізу мәселесінде сайтқа адамдардың кіруіне байланысты ҚР БҒМ тарапынан жүргізілетін мониторингке көңілі толмайды. Мониторинг негізінде қолданушылардың белсендігі бойынша өңірлердегі білім беру мекемелерінің жария емес рейтингі құрылады. Сондықтан да педагогтарға ата-аналардың логиндері мен құпиясөзін жинауға тура келеді. Осы орайда мұғалімдер олардың атынан парақшаларға күнделікті кіруге мәжбүр. Кейбір мектептерде интернет тек бір кабинетте ғана қосылған, бұл тұрғыда мұғалім сабақтан кейін тағы 2-3 сағат уақытын электронды журналға жұмсайды. Ал егер бұл шараларды орындамаса, мектеп әкімшілігі тарапынан сөгіс алуы мүмкін», - дейді депутат.
Оның пайымынша, негізі жаңа жүйе педагогтарға жүктемені азайтуы тиіс еді, бірақ іс жүзінде мұғалімдер екі жұмыс жасауға мәжбүр. Яғни, журналдардың бірнеше түрін толтырып, сайтқа кіретіндердің санын арттыру тұрғысында балалар мен ата-аналар атынан пайдалануға артық уақыт жұмсайды.
«Кезекті рет барлық жүктеме мен жауапкершілік қазақстандық мұғалімдерге жүктелген. Жалпыға бірдей цифрландыру жағдайында аталған бағдарламаны жетілдіру қажеттігі айқын байқалып отыр. Сондықтан Kundelik.kz сайтына кіру көрсеткішіне түрлі мониторинг пен рейтингтер тәжірибесін жойып, жоғарыда аталған проблемаларды қарастыруды сұраймыз. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бұл проблемаларды шешудің шараларын қабылдауды ұсынамыз», - деді Айзада Құрманова.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айманкуль
электрондық журналға көшу басында қиындау болды бірақ , үйреніп қалдық қиын ештеңесі жоқ екен.
Ата-ана
Электронды журналға кірдім тіркеле алмадым, тізімде мектебімізді де таба алмадым, қате жасалған. Тіркел тіркел дейсіңдер, оңай етіп түсінікті етіп неге жасамайсыңдар? Тіркелу мүмкін емес 2 күн отырдым, сайтарына да жаздым мектепке хабарлас дейді, сайтың мектепке не қатысы бар?
Бота
календарный бир толтырып, кагаз журналды бир толтырып шаршадық
Ардақ
Сол журнал бізде де телефонмен отырып қоямыз одан қала берсе тоқсан соңында оны шығарып түптейміз бекітіп оны өткіземіз . Шығарудың не қажеті бар . Ауылды жерде тұрғандықтан ата ана кіріп қап жатқан жоқ . Ол үшін біз ұрыс естиміз . Біздің міндет толтыру шығар əр ата ана үшін жауап беру де біздің міндет па?
Ардақ
Сол журналға біз де кіргенбіз. Телефонмен отырып та қоямыз ғой. Бірақ соны тоқсан сайын шығарып түптеп бекітіп өткіземіз оның қажеті не ? Ауылды жерде тұрғандықтан ата ана кірмейді мүмкіншілігі жоқ бірақ сол үшін де біз ұрыс естиміз. Біздің міндет журнал толтыру ма ? Ата ананың кіргенін қарау ма ? ????????
Ибрахим
Онсызда миы ашып,болмас айлығын неге жеткізерін білмей жандалбаса боп жүрген мұғалімдерді саясатпен,ел ішіндегі ахуалмен жұмысы болмаса екен деп бас көтеруге мұрша бермеу саясатын жүргізіп отырғандай жоғарыдағылар.мұғалімдерден зомби жасағысы келетін сияқты
Арай
Мен мектепте информатика пән мұғалімімін осы сайт ашылгалы бізге информатика пән мұғалімдеріне тыныштық жоқ. Бекер шығарды. Қажет шығар шығыны көп ол бірде істеп бірде істемейді дұрыс .....көп тізіп айтсам
Диана
менің сынып жетекшім 57 де ноутбукты түсінбейді толтыруға қиналады апайыма жаным ашиды əрі оны толтыру үшін вай фай бар жерге бару керек
Куралай
Осы Kundelik.kz жүйесіне менде келіспеймін. Мен әрі ата ана, әрі сынып жетекшімін. Бізде ауылды жерде көп ата аналарда интернет жүйесі жоқ. Ал Kundelik.kz жүйесіне ата аналар кіре алмайды. Ол үшін біз әрбір ата- ана атынан кіріп ондағы бағаларын соткаға түсіріп ата- аналарға айтып отырғаның. Екінші балалар күнделікті толтырғылары келмейді, бізде электронды күнделік деп. Үшінші осы электронды журналды тоқсан сайын қағазға шығарып оны тігіп мөр басып қойып жатыр. Сосын интернет жүйесі біресе істеп, біресе істемей тұрады. Әйтеуірі мұғалімдерді қағаз басты ғып жіберді.
Дани
Бұл мұғалымдер аурұ болады көзінен айырылыдығой куні туні компютерге үніліп
Аянат
Мен ата-анамын баланың үлгерімінен хабарсыз болып қалдық! Қағаз күнделікте баға жоқ, сайтқа тіркеліп қарайын десек, сайтқа тіркелу мүмкін емес! Атаналар болып қол жинап жатырмыз халықарылық сотқа жүгінбек ойымыз бар!
Роза
Оте ынгайлы жумыс истеу эл.журналмен.Сиздер жазып отырган пикирлерине келиспеймин. Тугел отчет эл. турде алуга болады. Уакытты унемдейди. Бар акпарат сакталады.
Ақиқат
Журналға 1 рет,электрон күнделікке 2 рет,ал кейбір жасы үлкен әріптестер дәптер журнал арнап,(3 рет) бағаларды көшіріп алып жүр.Сонда 1 нәрсені 3 рет жазатын жағдайға жеттік.Рейтинг мәселесін алып тастау қажет-ақ.