Өлең, жыр, ақындар

Президент қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді

Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының 
Президенті                                                                              Н. Назарбаев


Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан

№ 637

Жарлыққа қосымшаны мына жерден көруге болады.
 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Сымбат

Ш мен Ч нің де астын сыза салу керек еді

Балауса Тұйғынбек

У мен Ұ ны ауыстырған дұрыс болар

Балнұр

Дұрыс бағыттасыңдар, тағы біраз өңдеу керек. Жасағаннан кейін ең дұрысын, ең ыңғайлысын таңдау керек, сонда артта қалған ұрпақ аталарымыз мықты болған екен деп айтып отырады. Болмаса мазақ боламыз

Алия

і мен и нің бас әріптері бірдей болып қалған ғой))))

Арман

Асхат - ashat, Асхана - ashana сияқты сөздер қалай оқылады ? Ашат, ашана болып па? Күлкілі кім жасаған? Филолог емес, дилетант сияқты))) Тауық сойса да қасапшы сойсын.

Жансая

Түріктердің әліпбиі әдемі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар