Қазақстанда испандық жоғары оқу орындары кампустарын ашу мүмкіндіктері талқыланды, деп «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Компания президенті Жанболат Мелдешов «Kazakhstan-Europe Cooperation» (КЕС Edutrade, Испания) компаниясының құрылтайшысы және бас директоры Алехандро Пастрана Молеромен кездесті.
Кездесу барысында университеттік білім беру, студенттік мобильділік және қос диплом бағдарламалары бойынша қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстанда испандық жоғары оқу орындары кампустарын ашу мүмкіндіктері туралы сөз етті. Пастрана Молеро мырза «сапалы инфрақұрылым мен заман талабына сай білім жақсы нәтиже беруі мүмкін» екенін айтты.
Айта кетерлігі, «Kazakhstan-Europe Cooperation» (КЕС Edutrade, Испания) компаниясы мемлекеттік-жекешелік серіктестік бизнес-форматы бойынша жұмыс істейді. КЕС Edutrade компаниясы білім саласында да қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі