ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жауапты басшыларға міндеттер жүктеді.
«Елбасының биылғы Жолдауында Үкіметке цифрлық білім беру ресурстарын ары қарай дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осы бағытта қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде Білім және ғылым министрлігі көптеген шаруаларды атқарып жатыр. Қазір ғана министрдің (Ерлан Сағадиев - авт.) баяндамасын тыңдадыңыздар. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі, көптеген мобильдік қосымшаларды шығару, мамандармен халыққа әлі де түсіндіру мәселесі бойынша көп жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Үкімет басшысы.
Бақытжан Сағынтаев дегенмен негізгі мәселелердің біріне назар аудару керектігін еске салды.
«Білім беру мекемелерін компьютермен қамтамасыз етуге назар аудару керек. Қазақстандағы бірде-бір облыста баяндамада көрсетілгендей 100 пайыз қамтамасыз етілмеген (мектептер компьютерлермен -авт.). Алматы мен Астана қалаларында да сондай. Ақмола облысы 29 пайыз, Жамбыл облысы 22 пайыз, ОҚО 38 пайыз, Қызылорда облысы 40 пайыз... Ең жоғарғы көрсеткіш 82 пайыз - Атырау облысында. Жылдың соңына дейін бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын», - деді ол бүгінгі Үкімет отырысында.
Үкімет басшысы кең жолақты интернетке қол жеткізу мәселесін де ұмыт қалдырған жоқ.
«Бұл жерде де сұрақтар бар. Дегенмен, министрліктердің баяндамаларына байланысты 2020 жылдың соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, біз алыстағы елді мекендердің бәріне кең жолақты интернет жеткіземіз. Сол бойынша жұмыстың бәрі шешілетін болады. Дегенмен, облыс орталықтарын, қалалар мен аудан орталықтарына келетін болсақ, бүгінгі қол жеткізіліп отырған мүмкіндігіміз - 85 пайыз. 85 пайызды 100 пайыз компьютермен қамтамасыз етсек, көп мәселе шешіледі. Қалып отырғаны - 15 пайыз ғана. 15 пайыз 2020 жылдың соңына дейін шешіледі», - деді Премьер-Министр.
Сөз соңында Бақытжан Сағынтаев қалаларды Wi-Fi-мен қамту мәселесі туралы айтты.
«Негізі қалаларда бұның бәрін шешуге болады. Астанада Wi-Fi-мен қамтамасыз ету деңгейі 54 пайыз ғана. Алматы облысында 22 пайыз, Ақмола облысында 18 пайыз. Бұл оңай шешілетін сұрақтар. Бұны әкімдіктер қолға алу керек деп ойлаймын. Қалалық мектептердің бәрі кең жолақты интернетке - Wi-Fi-мен қамтамасыз етілетін болса, біздің негізгі сұрақтардың бәрі тез арада шешіледі деп ойлаймын», - деп түйді Үкімет басшысы.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі