Малды «чиптеу» оларды жоғалу қаупінен және жол-көлік оқиғасынан сақтайтын болады. Бұған қоса, шаруалар арасында малдың иесін анықтау бойынша болатын түсініспеушіліктерді алдыналуға болады.
«Өткен жылы Маңғыстауда 23 төрт түлік жоғалған. Ал, биыл олардың саны – 31-ді құрап отыр. Біреудің мүлкін ұрлау туралы ведомстволық бағдарламаға сәйкес, шаруа қожалықтары мен олардың иелеріне малдың барлық түріне чип енгізуді ұсынамыз. Бұл өз кезегінде жануарларды тіркеу үшін ғана емес, мал ұрлау мәселесімен тиімді күресуге де мүмкіндік береді», – дейді Маңғыстау облысы ІІД басшысы полиция полковнигі Қанат Таймерденов.
Өңірдегі ең ірі мал басы Түпқараған, Мұнайлы, Маңғыстау және Қарақия сынды аудандарда шоғырланған. Алайда, чиптер аймақтағы малдың 8 пайызына енгізілген.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста соңғы 3 жылда 14 жол-көлік апаты орын алған. Ондағы себеп – ауылшаруашылығы жануарларының бақылаусыз қалғандығы. Апаттың салдарынан 42 адам зардап шегіп, 12 адам қайтыс болған. Ал, жақын күндері тағы жол апаты болып, артынша 3 адам қаза тапты. Аталған қайғылы оқиға Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында болған еді. Оған себеп – автокөліктің жылқыны қағып кетуі.
Полиция полковнигі Қанат Таймерденовтың айтуынша, малдарды чиптеу жол-көлік апаты болған жағдайда төрт түліктің иесін табуға көмектеседі. Осы арқылы малдың иесіне материалдық айыппұл төлетеді. Сондай-ақ, чиптің болуының арқасында малына қарамайтын адамдарға талап қойылады.
Айта кету керек, чип енгізу қымбат емес. Оны бір рет енгізгеннен соң алмастырудың қажеті жоқ, экономикалық тұрғыдан тиімді. Капсула тері астына еніп, чиптелген жануардың өз нөмірі болады. Осы арқылы мал туралы ақпараттың бәрін білуге мүмкіндік бар.
Чиптеу дегеніміз не деген сұраққа келер болсақ, бұл жануардың электрондық паспорты саналады. Егер де жан-жануарлар жоғалатын болса немесе белгілі бір жағдайға душар болған кезде осы чип арқылы тауып алуға болады. Осындай жүйе еліміздің түкпірінде қолданылып жатыр. Мәселен, чиптер тек қана ірі қараға емес, үй жануарларына да енгізілуде. Ол бойынша жануар туралы ақпарат, оның аты, мекенжайы, тұқымы мен жасы көрсетіледі. Сонымен қатар, жануар иесінің ЖСН-де жазылып тұрады екен. Жан-жануарларды чиптеу процедурасымен бүгінде ветеринарлар айналысып жатыр. Мал дәрігерлерінің айтуынша, чиптеу процесі ірі қараның санын білуге, екпеден өткен-өтпегенін білуге жәрдемдесіп қана қоймай, аурумен күресте өз септігін тигізеді екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі