Өлең, жыр, ақындар

Айт

  • 18.04.2015
  • 1
  • 4
  • 14527
Жер жүзін көк шөп басып түрленгендей,
Қызарып бәйшешектер гүлденгендей.
Киініп қыз, келіншек жарқылдайды,
Бір түрлі жаңа тұрмыс түрге енгендей.

Шаттықта өңі ашыңқы бала-шаға,
Оларды есіркейді қамқор ана.
Жастар да өз бетімен қырындап жүр,
Бұраң бел жас сәулемді есіне ала.

Әр үйдің, тілегенге есігі ашық,
Шаттық бар, жамандың ой кеткен кашып.
Сойған қой, берген қымыз құрметіне
Байлар да кердеңдейді алшаң басып.

Аттанған қожа-молда тиын қуып,
Сәлдемен он бес құлаш белді буып.
Мұрт басқан, сүрме тартқан, тырнақ кескен
Дәретпен жып-жылтыр қып бетті жуып.

Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп,
Аштықтан өңі кеткен беті де арып.
Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр,
Дегенге: «Құтты болсын, айт шәріп!»


Пікірлер (4)

Ереке

Зор

Енлик Бакытхан

Сіздерге кооп рахмет

Сара

Зың ғой

Пікір қалдырыңыз

Достыма хат

  • 1
  • 2

Уай, дүние, қайда біздің өткен күндер,
Қызықты сауық-сайран еткен күндер?
Сарғая сағынып хатың көргеннен соң,
Түсті ғой еске келіп кеткен күндер.

Толық

Жұмақ

  • 1
  • 3

Кең сарай — ұғуынша жұрттың жұмақ,
Бар мұсылман жиналып сонда тұрмақ.
Ұйқы жоқ, ас ішу жоқ, махаббат жоқ,
Не қылған «қызық тірлік» біткен қурап!

Толық

Тұрмысқа

  • 1
  • 1

Өмірімнің өрлерін,
Жазы шықпас, қыс қылшы!
Жылы шырай бер десем,
Аждаһадай ысқыршы!

Толық