Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Оны ілгерілету — экономикалық әлеует пен әлеуметтік әл-ауқаттың артуына арқау болады. Яғни, ел тұрғындарының жағдайы жақсарып, тұрмыс сапасы өседі. Елдегі жұмыссыздықты жоятын да дәл осы шағын және орта кәсіпкерлік. Неге десеңіз, экономиканы тұрақтандырушы әрі шешуші фактор осы бағыт саналады. Осыған байланысты, елімізде кешенді жұмыстар легі жасалып жатыр. Сондай істердің бірі — шағын және орта кәсіпкерлікке арналған цифрлық платформа (Ismet.kz). Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған істі «Қазақтелеком» АҚ бастаған болатын.
«Біз шағын және орта бизнестегі бірнеше мәселелерге назар аудардық. Олардың бірі — процесті автоматтандырудың төмен деңгейі болып отыр. Ал Ismet.kz-тің әлеуеті өте жоғары. Біздің платформа арқылы қолданушылар мен жеткізушілерді электронды коммерцияға тартқымыз келеді. Ол барлық жағынан ыңғайлы, мұндай жайлы алаң әлі ойлап табылған жоқ», — дейді «Қазақтелеком» АҚ бизнес-шешімдер және инфокоммуникация департаментінің директоры Қуат Сандалов.
Бұл жүйенің басты артықшылығы — уақытты үнемдеуі әрі қолмен жасалатын жұмыстарды болдырмай, пайда әкелуі. Мұндағы барлық операциялар тапсырыс бойынша компьютер немесе смартфон арқылы жүргізіледі. Электронды цифрлық қолтаңбамен расталады. Аталған платформа 2018 жылдың тамызынан бастап іске қосылған болатын.
Ismet.kz-тің ерекшелігі бизнес қауымдастық үшін үлкен диалог орната алуында болып отыр. Нәтижесінде, қажетті жаңа нарық көздері ашылатын болады.
«Біздің есебімізше, цифрлық платформаның басты тапсырмасы — бұл экожүйелерді құру. Бірақ бізге кедергілерді жоюға тура келеді. Артынша шағын және орта кәсіпкерлік үшін цифрлық қатынас жасалады. Бұл өте қиын міндет саналады», — деді Қ. Сандалов.
Болашақта 250 қызмет түрін ұсынуды көздеп отырған бұл жоба бүгінде мынадай қызметтерді көрсетуде: маркетинг (тегін жүргізіледі), электрондық сауда, заңдық қызметтер, онлайн құжат айналымдар, кеден процедуралары, кадрлық мәселелер, субсидиялау, несие алу, аудит, ұлттық бухгалтерлік есеп пен аппараттық кассалық есеп және т.б.
Ismet.kz бизнесті бүге-шүгесіне дейін жоспарлауға, оны талдап зерттеуге көмек береді. Бір сөзбен айтар болсақ, кәсіпкер үшін таптырмас бизнес-кеңесші. Олай дейтін себебіміз, бизнес бойынша туындайтын кез келген мәселеге төтеп бере алады. Яғни, қазіргі шындықтарға жауап беруге қауқары бар. Бұдан бөлек, оның ауқымы мен аясы өте кең. Пайдасы да орасан. Яғни, елдегі электрондық қызмет пен электронды сауданың дамуына ықпал етеді. Электронды мемлекеттік қызмет дамиды. Бастысы — шағын және орта кәсіпкерлердің саны артып, олардың ісі өркендейді. Бұның нәтижесі — экономикалық және әлеуметтік өсім арқылы көрініс табады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі