Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандықтар әлемнің 500-ден аса университетінде тегін білім ала алады

Қазақстандықтар әлемнің көптеген елдерінде тегін білім ала алады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығында» хабарланған.

«Еуропаның 435,  Азия елдерінің топ 30-ға жуық, Беларусияның 7, Ресейдің 84 университеттерінде тегін білім ала алады», - делінген орталық хабарламасында.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелдік білім беру орындарымен тығыз қарым –қатынас жасайды.

Қазіргі кезде АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Чехия, Греция, Франция, Венгрия, Турция,  Финляндия, Испания, Литва, Латвия, Израиль, Польша, Норвегия, Германия, Италия, Словакия. Азия елдерінен: Оң түстік Корея, Малайзия, ҚХР, Жапония, Индия, Сингапур, Таиланд, сонымен қатар ТМД елдері көптеген гранттар бөліп отыр.

Гранттар мен тегін оқу ұсынып отырған елдер мен жоғарғы оқу орындарының толық тізімін bolashak.gov.kz сайтынан көруге болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Қарлыға

Шетелде оқудың өзі бөлек оқу, сондықтан міндетті түрде барып оқып келу керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар