Қазақша есімдер және олардың мағынасы - 16-бет

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Нұрпейіс

араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған пейиш - ұжмақ; ұжмақтың, пейіштің сәулесі, нұры.


Есімге сілтеме: Нұрпейіс

Нұрсапа

араб тілінен алынған нұр + сафа. Ең көркем, өте сұлу деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Нұрсапа

Нұрсейіт

араб тілінен — ажарлы, нұрлы мырза.


Есімге сілтеме: Нұрсейіт

Нұрсүлтан

араб тілінен — әрлі, нұрлы сұлтан.


Есімге сілтеме: Нұрсүлтан

Нұрсұлу

араб тілінен алынған нұр — қазақтың сөзі сулу. Қыз бала өте әдемі, нұрлы, әрлі, көркем әрлі болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Нұрсұлу

Нұрталап

талабына нұр жаусын, талабы зор, талантты болғай деген тілекпен қойылған есім. Қысқартылған тұрі — Нұртай.


Есімге сілтеме: Нұрталап

Нұртас

араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі тас. Бұл есім, негізінде, баланын нұры тасысын, сәулесі, шапағаты басқаларды да шарпысын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Нұртас

Нұрхан

араб тілінен — ажарлы, әрлі, көрікті, сұлу ханым.


Есімге сілтеме: Нұрхан

Нұрша

араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған ажарлы, нұрлы, көрікті.


Есімге сілтеме: Нұрша

Нұршайым

араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған, ажарлы, нұрлы, көрікті.


Есімге сілтеме: Нұршайым

Нұршара

нұрлы, әрлі, сұлу Шара.


Есімге сілтеме: Нұршара

Нұрым

араб тілінен алынған — менің сәулем, жарығым, нұрлым.


Есімге сілтеме: Нұрым

Нұсқабай

араб тілінен алынған носхе — көшірме, бейне; тұлға, келбет, сырт көрініс. Мұндай есімдер бала келбетті, тұлғалы болсын деген тілекпен қойылса керек.


Есімге сілтеме: Нұсқабай

Нұсқар

ақыл-кенес берер ақылды бала болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Нұсқар

Нығмет

араб тілінен алынған нигмәт — береке, дәулет, байлық; бақытты, бақытты өмір.


Есімге сілтеме: Нығмет

Нығметжан

араб тілінен - дәулетті, бай адам.


Есімге сілтеме: Нығметжан

Нығметқали

араб тілінен алынған нигмәт + қали - ғали; аса дәулетті, байлығы артық.


Есімге сілтеме: Нығметқали

Нығметолла

араб тілінен алынған — берекелі.


Есімге сілтеме: Нығметолла

Нысанбай

(қараңыз: Белгібай).


Есімге сілтеме: Нысанбай

Обай

моңғол тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы.


Есімге сілтеме: Обай

Ожарбай

қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.


Есімге сілтеме: Ожарбай

Озарбек

озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.


Есімге сілтеме: Озарбек

Озария

иран тілінен алынған озор — от + ия қосымша. Оттай жанған, өжет.


Есімге сілтеме: Озария

Озат

ол қатарынан озып кетеді, алға жетеді, алдыңғы қатарлы деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Озат

Ойлы

ақылды, парасатты, дана.


Есімге сілтеме: Ойлы

Ойрат

моңғол тілінен алынған ой, орман, тоғай + рат — орат — халық; яғни орман халқы.


Есімге сілтеме: Ойрат

Олжабай

олжадан түскен, бере салған бала.


Есімге сілтеме: Олжабай

Олжас

ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Олжас

Омар

араб тілінен алынған гумәр — өмірлі, ғұмырлы. Біріккен тұлғалы есімдер — Омарбай, Омарбек, Омарғали. Фонетикалық түрлері - Ғұмар, Құмар.


Есімге сілтеме: Омар

Омарбай

өмірлі, ғұмырлы адам.


Есімге сілтеме: Омарбай

Омарбек

өмір-жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.


Есімге сілтеме: Омарбек

Омарғали

ұзак өмір сүруші, көп жасаушы.


Есімге сілтеме: Омарғали

Омархан

өмірі ұзақ, ғұмырлы хан.


Есімге сілтеме: Омархан

Онбай

бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Онбай

Оңалбай, оңалбек

шаруасы, халжайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Оңалбай, оңалбек

Оңғар

оңда, түзе.


Есімге сілтеме: Оңғар

Оңғарбай

ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.


Есімге сілтеме: Оңғарбай

Оңдасын

құдай оңдасын, тәңір жарылқасын. Синонимі — Оңласын.


Есімге сілтеме: Оңдасын

Опабек

араб тілінен алынған вафа — орындау, айқан сөзде тұру, адалдык, тазалык + бек. Сөзінде тұратын адам деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Опабек

Опажан

араб тілінен алынған вафа + иран тілінен алынған жан, адал, таза, пәк жан, досына шын пейілімен берілген адам.


Есімге сілтеме: Опажан

Ораз

көне түркі тілінен келген - ырыс, құт, бақыт.


Есімге сілтеме: Ораз

Оразақ

араб тілінен алынған разақ — өмірге, тіршілікке алғыс сезімін білдіру.


Есімге сілтеме: Оразақ

Оразақын

араб тілінен - бақытты, ырысты ақын.


Есімге сілтеме: Оразақын

Оразалы, оразғали

көне түркі тілінен келген ораз + араб тілінен алынған алы - ғали; яғни өте бақытты. Синонимдері — Құтқали, Бақытқали.


Есімге сілтеме: Оразалы, оразғали

Оразбай

араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бай, Бақытты, ырысты бай. Синонимдері — Оразбек, Бақтыбай, Құттыбай.


Есімге сілтеме: Оразбай

Оразбек

араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бек. Өте бақытты, ырысты. Синонимдері — Бақытбек, Рысбек, Құттыбек.


Есімге сілтеме: Оразбек

Оразгелді

араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі келді, бақытты, ырысты боп келді деген мағынада. Синонимдері — Бақыткелді, Рыскелді.


Есімге сілтеме: Оразгелді

Оразгүл

көне түркі тілінен келген орыз — ырыс, құт, бақыт. Есімнің екінші сыңары иран тіліндегі гүл.


Есімге сілтеме: Оразгүл

Оразғұл

бақытты қызметші.


Есімге сілтеме: Оразғұл

Оразмұхамбет

бақытты Мухамбет.


Есімге сілтеме: Оразмұхамбет

Орақ

көне түркі тілінен егін оратын орақ, қолшалғы. Ауыспалы мағынада орып түсетін, өткір. Эпостағы батырдың есімі.


Есімге сілтеме: Орақ

Орақбай

астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орақбай

Орал

Орал өзені атынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орал

Орасан

ерекше, ерен.


Есімге сілтеме: Орасан

Ордабай

көне түркі тілінен орда - ерте кезде үлкен мәселе шешерде немесе жауға аттанарда бас қосатын жиынды атаған; кейін ол «хан тұрағы, мекені, хан сарайы» дегенді білдіретін болған. Ал бұдан да кейінірек жаңа мағынаға ие болып, «орталық», «астана» деген ұғымды да танытқан. Бұл сөз арқылы жасалған кісі есімдері — Ордәлі, Ордабек, Ордағали, т. б.


Есімге сілтеме: Ордабай

Орманбай, орманбек

орман-тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.


Есімге сілтеме: Орманбай, орманбек

Орманшы

бала орман байлығын қорғайтын адам болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орманшы

Орынбай

өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орынбай

Орынбек

өмірде орны берік, мықты.


Есімге сілтеме: Орынбек

Орынғали

өмірде алатын орны жоғары, биік.


Есімге сілтеме: Орынғали

Орынша

бәз қалпынша, баяғыша, өзгеріссіз, тұрақты.


Есімге сілтеме: Орынша

Оспан

араб тілінен алынған — кеңінен тараған есім. Мағынасы - ерлік, батырлық, батылдық. Фонетикалық түрлері — Ғұсман, Құспан, Осман. Біріккен тұлғалы есімдер — Оспанәлі, Оспанғали (аса жоғары, аса үлкен батырлық), Оспанбай, Оспанбек, Оспанбет, Оспанхан.


Есімге сілтеме: Оспан

Отан

жаңа есім, туған ел, өскен жер, сүйікті мемлекет.


Есімге сілтеме: Отан

Отар

отарда туған балаға берілген есім.


Есімге сілтеме: Отар

Отарбай

отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Отарбай

Ошақбай

жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.


Есімге сілтеме: Ошақбай

Өжет

-ткір, батыл, табанды.


Есімге сілтеме: Өжет

Өзбек

өзбек халқы атынан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Өзбекбай, Өзбекәлі.


Есімге сілтеме: Өзбек

Өзенбай

өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Өзенбай

Өкім

араб тілінен алынған окм — үстемдік; өкімет, билік; шешім, үкім; пікір, түсінік.


Есімге сілтеме: Өкім

Өктем

өктем, үстем, басым, өмірлі.


Есімге сілтеме: Өктем

Өлкебай

қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Өлкебай

Өмір

араб тілінен алынған ғомр - ғұмыр; тіршілік.


Есімге сілтеме: Өмір

Өмірбай

бала өмірлі болсын, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі - Өмірбек.


Есімге сілтеме: Өмірбай

Өміргүл

өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі.


Есімге сілтеме: Өміргүл

Өмірғазы

араб тілінен алынған - өмір + ғазы — жауынгер.


Есімге сілтеме: Өмірғазы

Өмірғали

өмірі Ғалидын өміріндей болсын деп қойылған.


Есімге сілтеме: Өмірғали

Өмірзақ

араб тілінен алынған өмір + қазақ сөзі зақ - ұзақ, көп жасайтын, ғұмыры ұзақ, өлмейтін. Синонимдері — Өмірбай, Өмірбек, Өміржан, Өміртай және т. б. Еркелете- қысқартып айту түрі — Өмекен, Өміш, Өмен.


Есімге сілтеме: Өмірзақ

Өмірше

араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.


Есімге сілтеме: Өмірше

Өндіріс

жаңа есім, өндіріс орны, кәсіпорын.


Есімге сілтеме: Өндіріс

Өнеге

үлгі, тәрбие.


Есімге сілтеме: Өнеге

Өнербек

өнері мықты, өнерлі адам.


Есімге сілтеме: Өнербек

Өрбике

қазақ сөзінен өр ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен, бике , бикеш — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш.


Есімге сілтеме: Өрбике

Өрекен

көне түркі шор, хақас тілінде қарт, қария.


Есімге сілтеме: Өрекен

Өрен

жұрттан асқан ерекше, ерен; жасөспірім ұрпақ.


Есімге сілтеме: Өрен

Өрзия

асқан сұлу, адемі қыз.


Есімге сілтеме: Өрзия

Өрім

жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.


Есімге сілтеме: Өрім

Өсер

ер жетіп азамат болар деген мәнде. Біріккен тұлғалы есім - Өсербай.


Есімге сілтеме: Өсер

Өскенбай

байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Өскенбай

Өтебай

байлығы асқан, тасыған бай.


Есімге сілтеме: Өтебай

Өтегали

қазақ тілінен өте + араб тілінен алынған ғали жоғары, биік. Аса биік, өте жоғары, аса батыр.


Есімге сілтеме: Өтегали

Өтеген

орнын толтыру, төлеу.


Есімге сілтеме: Өтеген

Өтемағамбет, өтемұхамбет

қазақ сөзі өте + араб тілінен алынған Мохаммед. Мұхамбеттей атағы асқан


Есімге сілтеме: Өтемағамбет, өтемұхамбет

Өтетілеу

ұл балаға зар болып, көп сұранып, тіленіп жүрген кезде туған сәбиге қойылған есім.


Есімге сілтеме: Өтетілеу

Пазыл

(қараңыз: Фазыл).


Есімге сілтеме: Пазыл

Палуан

араб тілінен алынған пахлаван — күшті күрескер.


Есімге сілтеме: Палуан

Палуанғали

аса күшті палуан.


Есімге сілтеме: Палуанғали

Пана

иран тілінен алынған панаһ — сая; қорғаныш, сая, таса.


Есімге сілтеме: Пана

Панабек

иран тілінен алынған панаһ — қорғаныш, тірек + бек. Мықты қорғаныш, тірек.


Есімге сілтеме: Панабек

Парасат

араб тілінен — ақыл, сана.


Есімге сілтеме: Парасат

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.