Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Тақыр

араб тілінен алынған тахир — таза, бүлінбеген, бұзылмаған. Дыбыстық өзгерту түрі — Такир, Тахир.


Есімге сілтеме: Тақыр

Талқа

араб тілінен алынған — таңдаулы, тамаша.


Есімге сілтеме: Талқа

Талшыбық

қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Талшыбық

Таңсық

құмар, әуес; сирек зат.


Есімге сілтеме: Таңсық

Таңсықбай

ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Таңсықбай

Тасқын

бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Тасқын

Темірқан

темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.


Есімге сілтеме: Темірқан

Тиянақ

тірек, тұрақ, табандылық.


Есімге сілтеме: Тиянақ

Тоғызақ

әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата-аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.


Есімге сілтеме: Тоғызақ

Тоқан

көне түркі— сұңқар.


Есімге сілтеме: Тоқан

Тоқсанбай

тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.


Есімге сілтеме: Тоқсанбай

Тоқтар

ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т.б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.


Есімге сілтеме: Тоқтар

Тоқтыбай

ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.


Есімге сілтеме: Тоқтыбай

Тоқыр

араб тілінен алынған - қайырымды, кішіпейіл, ұяң мінезді.


Есімге сілтеме: Тоқыр

Толқын

теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.


Есімге сілтеме: Толқын

Тұяқбай

тұяқ — уақ мал, қой-ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Тұяқбай

Тыныштық

(қараңыз: Еламан).


Есімге сілтеме: Тыныштық

Тыныштықбек

(қараңыз: Бейбітбек).


Есімге сілтеме: Тыныштықбек

Ұзақ

бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.


Есімге сілтеме: Ұзақ

Ұйықбай

бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.


Есімге сілтеме: Ұйықбай

Ұлықбек

ұлы, зор + бек.


Есімге сілтеме: Ұлықбек

Ұрқия

араб тілінен алынған рукя — асқан сүйкімді, әдемі, шырайлы.


Есімге сілтеме: Ұрқия

Хақназар

(қараңыз: Ақназар).


Есімге сілтеме: Хақназар

Халық

араб тілінен алынған халк — жұрт, қауым, адамдар.


Есімге сілтеме: Халық

Шапақ

таңғы жарық.


Есімге сілтеме: Шапақ

Шарықбек

араб тілінен алынған шарқ — шығыс, күн шығыс + қазақ сөзі бек; яғни шығыс елінің бегі, биі.


Есімге сілтеме: Шарықбек

Шаттық

қуаныш, көңілділік.


Есімге сілтеме: Шаттық

Шоқы

биік төбе, дөң; шың. Бұлайша есім беру баланың мәртебесі, атағы жоғары болсын деген ойдан туса керек.


Есімге сілтеме: Шоқы

Шоқыр

балықтың бір түрі.


Есімге сілтеме: Шоқыр

Шығанақ

құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.


Есімге сілтеме: Шығанақ

Шырақбек

иран тілінен алынған ширақ — жарық, шам + бек.


Есімге сілтеме: Шырақбек

Ықсан

араб тілінен алынған ихсан — жақсылық, қайырымдылық; көркемдік, нұрлылық.


Есімге сілтеме: Ықсан

Ықылас

араб тілінен алынған әхлас — пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.


Есімге сілтеме: Ықылас

Ысқақ

көне еврей тілінен - күледі, күлген. Иссак деген есімнің арабша айтылу нұсқасы.


Есімге сілтеме: Ысқақ

Ыстамбақы

иран тілінен алынған ыстам — тұрған, өлмес + бақы — мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.


Есімге сілтеме: Ыстамбақы

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.