Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.


Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Ермек

алданыш, жұбаныш. Орта жастан асқан ата-ана отбасында туған балаға ендігі ермегім болсын деп қойылатын есім.


Есімге сілтеме: Ермек

Ерназар

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған назар көру, көзқарас, ықылас. Рухы күшті, батыр деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Ерназар

Ернар

нар — халық ұғымында өте шыдамды, берік, күшті түйе. Нар тұлғалы батыр болсын деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Ернар

Ернұр

қазақ тілінен алынған ер — батыр + иран тілінен алынған нұр — жарық, сәуле, көркем. Бала ер келбетті, көркем болсын деген тілектен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ернұр

Ерсайын

қазақ тілінен алынған ер + монғол тілінен алынған сайын - жақсы. Яғни ең мықты, аса жақсы батыр.


Есімге сілтеме: Ерсайын

Ерсәли

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған сәли, салих — жақсы, қайырымды, жақсы батыр.


Есімге сілтеме: Ерсәли

Ертай

қазақ тілінен алынған ер + тай кісі аттары қосымшасы, яғни ер, батыр, батыл кісі.


Есімге сілтеме: Ертай

Ертілес

өмірге келген бала келешекте батыр болса екен деген тілектен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ертілес

Ертіс

көне түркі тілінен келген, Ертіс өзені бойында туылған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ертіс

Ертуған

өмірге батыр, ер жүрек боп келген.


Есімге сілтеме: Ертуған

Ерубай

қазақ тілінен алынған ер + у - соңынан ілесу + 6ай; соңынан еретін балалар көп болсын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Ерубай

Ес

ақыл-ес, ауыспалы мағынасы тірек, сүйеніш.


Есімге сілтеме: Ес

Есбай

ақыл-ойға бай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есбай

Есбатыр

Естібатыр деген есімдегі ті қосымшасы түсіп қалып, Есбатыр боп кеткен. Есті, ақылды батыр болсын деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Есбатыр

Есберген

жаратқан ақыл, ес берген деген мағынадағы есім. Синонимі — Есберді.


Есімге сілтеме: Есберген

Есбол

ақылды, сүйенішім бол, медеу бол деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Есбол

Есболат

өскенде ақыл косады, сүйеніш, медеу болады деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Есболат

Есдәуір

қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған дәуір — мезгіл, мерзім, заман. Өз заманының, дәуірінің ақылды азаматы болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есдәуір

Есдәулет

қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған дәулет, байлық, бақыт. Мемлекетті басқаратын, ақыл-ойы мол азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есдәулет

Есей

қазақтың тілінен алынған өсу, ер жету, үлкен болу.


Есімге сілтеме: Есей

Есейжан

сау-саламат, аман туған жан.


Есімге сілтеме: Есейжан

Есен

қазақ тілінен - сау-саламат, аман. Біріккен тұлғалы есімдер — Есенаман, Есенәлі, Есенай, Есенбай, Есенбол, Есенгелді және т. б.


Есімге сілтеме: Есен

Есенай

бала дүниеге аман-сау келді, ай деген қуанышпен байланысты қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есенай

Есенберді

аман-есен, сау-саламат дүниеге әкелді, берді.


Есімге сілтеме: Есенберді

Есентемір

ден саулығы темірдей мықты, аман-сау болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Есентемір

Есет

иран тілінен алынған изад, авест — лайық, дәл.


Есімге сілтеме: Есет

Есжан

есті, ақылды адам.


Есімге сілтеме: Есжан

Есіл

Есіл өзені бойында туған соң қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есіл

Есілбай

Есіл бойында туған ер бала.


Есімге сілтеме: Есілбай

Есім

ат, атақ, даңқ.


Есімге сілтеме: Есім

Есімбек

қазақтың есімі, аты, даңқы зор, мықты.


Есімге сілтеме: Есімбек

Есірке

аяу, жаны ашу, мүсіркеу.


Есімге сілтеме: Есірке

Ескендір

Александр Македонскийді күллі Азия, Араб халқы осылай атап кеткен. Дыбыстық өзгеру түрлері — Искендер, Скандер, Ескендер.


Есімге сілтеме: Ескендір

Есмұрат

қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған мурад, мақсат, тілек.


Есімге сілтеме: Есмұрат

Естекбай

истак — башқұрттардын көне аты + қазақ сөзі - бай.


Есімге сілтеме: Естекбай

Естібай – қазақ есімі

ақылды, парасатты.


Есімге сілтеме: Естібай – қазақ есімі

Ешбай

көне түркі тілінен келген эш — дос, ашна. Досбай есімінің синонимі.


Есімге сілтеме: Ешбай

Ешжан

көне түркі тілінен келген эш - дос, ашна + иран тілінен алынған жан — адамның досы деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Ешжан

Ешмұхамбет

(қараңыз: Досмат).


Есімге сілтеме: Ешмұхамбет

Жабағы

бұл есім о бастағы көне түркі тілінде ябғу — патшанын, хағанның орынбасары деген сөз. Жабағы сөзі осымен қатар: — бір жасар құлын; түйе мен қойдын жабағы жүні деген мағынаны да береді.


Есімге сілтеме: Жабағы

Жабай

көне түрік тіліндегі ябгу, жабгу патшанын хағанның орынбасары деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Жабай

Жабайхан

көне түрік тіліндегі жабай + хан. Ханнын, хағаннын орынбасары деген ұғымды береді.


Есімге сілтеме: Жабайхан

Жабал

араб тілінен алынған — тау.


Есімге сілтеме: Жабал

Жабырбай

көне түрік тіліндегі жабыр — жазық, кең жер + қазақтың сөзі - бай.


Есімге сілтеме: Жабырбай

Жағыпар

араб тілінен — бұлақ, жылға.


Есімге сілтеме: Жағыпар

Жадай

араб тілінен алынған жадид — жаңа, жаңарақ.


Есімге сілтеме: Жадай

Жадыра

жайнау, жарқын жүзді болып гүлдену, көңіл-күйі көтеріліп, көңілдену.


Есімге сілтеме: Жадыра

Жазира

араб тілінен - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жазира

Жазылбек

араб тілінен алынған жазия — жазал мол, үлкен, зор + қазақтың сөзі бек.


Есімге сілтеме: Жазылбек

Жайдар

қазақ тілінен алынған жайдары — көңілді, ақ жарқын. Біріккен тұлғалы есім — Жайдарбек.


Есімге сілтеме: Жайдар

Жайлау

қазақ тілінен алынған шөбі шүйгін, соны, жазғы мал жайылымы.


Есімге сілтеме: Жайлау

Жайна

гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Жайна

Жайнақ

ашық-жарқын, жайдары.


Есімге сілтеме: Жайнақ

Жайсаңбек

моңғол , қалмық тілдерінен алынған зайсаң — ұлық, бек.


Есімге сілтеме: Жайсаңбек

Жайық

Орал өзенінің атына байланысты қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жайық

Жақан

иран тілінен алынған джәһан — дүние, әлем, шартарап.


Есімге сілтеме: Жақан

Жақия

араб тілінен алынған яхья — ғұмырлы, өмірлі.


Есімге сілтеме: Жақия

Жақсыбай

көпке жағымды, жұртқа сүйкімді болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Жакей. Синонимі — Садыбай.


Есімге сілтеме: Жақсыбай

Жақсылық

адам бойындағы жақсы қасиет, ізгілік, қайырымдылық.


Есімге сілтеме: Жақсылық

Жақсымұрат

қазақ тілінен алынған жақсы - игі мақсат - араб тілінен алынған морад — ізгі тілек.


Есімге сілтеме: Жақсымұрат

Жақып

араб тілінен алынған яғкуб, — табанды, қарсылық білдіретін, үндемейтін; айлакер, қу; егіздің сыңары. Біріккен тұлғалы есімдер — Жақыпбай, Жақыпбек, Жақыпжан, Жақыпқан. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Жақай.


Есімге сілтеме: Жақып

Жалғас

тіркес, ұштас, селбес. Бұл есім алдыңғы балалардың жалғасы дегенді немесе содан кейін де балалар көбейіп, жалғаса берсін деген ұғымда берілген. Біріккен тұлғалы есімдер — Жалғасбай, Жалғасбек, Жалғастұр.


Есімге сілтеме: Жалғас

Жалел

араб тілінен алынған жалия - ұлы, даңқты, атақты.


Есімге сілтеме: Жалел

Жалид

араб тілінен - табанды, тұрақты.


Есімге сілтеме: Жалид

Жалтыр

ап-ашык, жалтыраған, жайнаған.


Есімге сілтеме: Жалтыр

Жалын

кұш-жігер, қайрат, қуат.


Есімге сілтеме: Жалын

Жамал

араб тілінен — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.


Есімге сілтеме: Жамал

Жамали

араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті.


Есімге сілтеме: Жамали

Жамбыл

моңғол тілінен келген - қорған.


Есімге сілтеме: Жамбыл

Жамиға

араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.


Есімге сілтеме: Жамиға

Жамил

араб тілінен - әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.


Есімге сілтеме: Жамил

Жамықан

араб тілінен алынған джамег — қоғам, жамағат, көпшілік + қан (хан). Көптің, жамағаттың ханы деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Жамықан

Жанай

иран тілінен алынған джон + қазақтың сөзі ай. Жаным, айым.


Есімге сілтеме: Жанай

Жанайдар

иран тілінен алынған джон + араб тілінен алынған хайдар — арыстан. Бала арыстандай айбатты, мықты болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жанайдар

Жанақ

иранның және қазақтың сөзі — оның жаны таза, ниеті ақ деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Жанақ

Жанан

тәжік тілінен алынған джонон — жан аямасдос, жан жолдас.


Есімге сілтеме: Жанан

Жанар

көздін жанары; күннің шапағы; ауыспалы мағынасы көрік, ажар, рең.


Есімге сілтеме: Жанар

Жанаргүл

қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.


Есімге сілтеме: Жанаргүл

Жанарыстан

иран тілінен алынған джон + қазақтың сөзі арыстан.


Есімге сілтеме: Жанарыстан

Жанас

иран және қазақ тілдерінен - бұл есім жаннан асқан, жан біткеннен артық деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Жанас

Жанат

ең асыл, көркем, керемет, рахат.


Есімге сілтеме: Жанат

Жанахмет

иран және араб тілдерінен — мақтауға тұратын кісі.


Есімге сілтеме: Жанахмет

Жанәбіл

иран тілінен алынған — әкенің жаны, жақсы көретін ұлы.


Есімге сілтеме: Жанәбіл

Жанбай

иран мен қазақ тілдерінен — жаны бай, жомарт болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жанбай

Жанбек, жәнібек

иран сөзі жан + қазақ сөзі бек. бала жаны мықты, берік, өмір жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жанбек, жәнібек

Жанболат

(қараңыз: Болатжан).


Есімге сілтеме: Жанболат

Жанбосын

иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі босын ,болсын - өмірі берік болсын, тірі болғай.


Есімге сілтеме: Жанбосын

Жангелді

иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі келді - өмірге, дүниеге жаңа адам келді деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Жангелді

Жанғабыл

иран тілінен алынған джон + араб тілінен алынған қабыл, жан біткеннің қабілеттісі. Қабылетті адам.


Есімге сілтеме: Жанғабыл

Жанғали

иран және араб тілдерінен алынған ғали сияқты батыл, өжет адам.


Есімге сілтеме: Жанғали

Жанғозы

қозы сияқты сүйкімді бала.


Есімге сілтеме: Жанғозы

Жандай

аса қымбат, қадірлі.


Есімге сілтеме: Жандай

Жандар

жан біткеннің дарындысы болсын деген тілекпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жандарбек, Жандархан.


Есімге сілтеме: Жандар

Жандос

иран тілінен алынған джон + дос, жан біткеннің досы.


Есімге сілтеме: Жандос

Жанерке

қараңыз: Еркежан.


Есімге сілтеме: Жанерке

Жанипа

иран және тәжік тілдерінен алынған жан-джон - яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.


Есімге сілтеме: Жанипа

Жания

иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем.


Есімге сілтеме: Жания

Жанқуат

иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі қуат жанға қуат, медет болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жанқуат

Жанмұрат

иран тілінен алынған - жанымнын мұраты - арман тілегі деген мағынада қойылған. Баласы болмай жүрген адамдар тарапынан қойылатын, сирек кездесетін есім.


Есімге сілтеме: Жанмұрат

Жанмырза

жаны мырза болсын деген тілекпен қойылады.


Есімге сілтеме: Жанмырза

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.