Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Айжарқын

қазақ есімі. ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.


Есімге сілтеме: Айжарқын

Айжарық

ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айжарық

Айқын

қазақ есімі. мағынасы әйгілі, белгілі, нақты.


Есімге сілтеме: Айқын

Аймақ

қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.


Есімге сілтеме: Аймақ

Айтақын

араб тілінен алынған эйдь — айт мейрамы, иран тілінен алынған акун — өлең шығарушы, жыршы. Айт мейрамы күні туған балаға осындай ат қойылатын. Біріккен тұлғалы есімдер - Айтбай, Айтжан, Айтбек.


Есімге сілтеме: Айтақын

Айшуақ

қазақ есімі. ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айшуақ

Айшық

қазақ есімі. туған ай бейнесіндегі өрнек, сән.


Есімге сілтеме: Айшық

Ақай

қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата-ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім.


Есімге сілтеме: Ақай

Ақайша

Аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақайша

Ақан

иран тілінен алынған аһен — темір.


Есімге сілтеме: Ақан

Ақару

Жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.


Есімге сілтеме: Ақару

Ақат

араб тілінен алынған әхәд— бір, бірлік, жалғыз, жалқы. Тұңғыш балаға берілетін есім.


Есімге сілтеме: Ақат

Ақбай

қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.


Есімге сілтеме: Ақбай

Ақбала

Сұлу, әдемі қыз бала.


Есімге сілтеме: Ақбала

Ақбәтес

Ақ және бәтес сөзінен қойылған қыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.


Есімге сілтеме: Ақбәтес

Ақболат

қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақболат

Ақбота

Бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақбота

Ақеділ

өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.


Есімге сілтеме: Ақеділ

Ақжан

қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.


Есімге сілтеме: Ақжан

Ақжарқын

ашық жарқын жүзді, шат-шадыман.


Есімге сілтеме: Ақжарқын

Ақжібек

Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған қыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Ақжібек

Ақжол

өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Ақжол

Ақзия

Қазақ сөзі ақ және араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.


Есімге сілтеме: Ақзия

Аққал

Қазақ тілінен алынған ақ және тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.


Есімге сілтеме: Аққал

Аққожа

қазақ тілінен ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тіліненХоджа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Аққожа

Аққозы

қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Аққозы

Аққыз

Аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.


Есімге сілтеме: Аққыз

Ақлима

Араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.


Есімге сілтеме: Ақлима

Ақмарал

Бұл есім сұлу аңды қасиет тұтумен байланысты қойылған.


Есімге сілтеме: Ақмарал

Ақназар

есім құрамындағы ақ сөзі арабтың хак «әкім, пайғамбар» деген сөзінін тіліміздегі өзгерген түрі. Назар араб тілінен алынған нәзәр — қарау, көзқарас, көз салу, ықылас, ілтипат. Демек бұл есім құдіреттің назары, ілтипаты деген мағынаны білдіреді. Хақназар, Қақназар деп те айтылады.


Есімге сілтеме: Ақназар

Ақнәзік

Нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.


Есімге сілтеме: Ақнәзік

Ақпанбет

ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.


Есімге сілтеме: Ақпанбет

Ақсұлтан

есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.


Есімге сілтеме: Ақсұлтан

Ақтамақ

Бейнелеу түрінде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақтамақ

Ақтаң

ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.


Есімге сілтеме: Ақтаң

Ақтілек

бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақтілек

Ақтоқты

Төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.


Есімге сілтеме: Ақтоқты

Ақылбай

араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш.


Есімге сілтеме: Ақылбай

Ақылбек

ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақылбек

Ақын

иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы, жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.


Есімге сілтеме: Ақын

Ақынжан

бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақынжан

Ақырап

араб тілінен алынған ахраб — шаян. Октябрь айына сәйкес зодиак белгісі. Сол айда туған балаға қойылатын есім.


Есімге сілтеме: Ақырап

Алқа

Асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.


Есімге сілтеме: Алқа

Аппақ

қазақ есімі, аса ақ, әппақ, саф таза, кіршіксіз.


Есімге сілтеме: Аппақ

Ардақ

Құрмет, қадір.


Есімге сілтеме: Ардақ

Арқат

қазақ тілінен алынған күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Арқат

Артық

қазақ есімі, бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. біріккен тұлғалар — артықбай, артыққали.


Есімге сілтеме: Артық

Арындық

қазақ есімі қарқындылық, екпінділік, жігерлілік.


Есімге сілтеме: Арындық

Асқан

қазақ есімі, бәрінен артық, ерекше.


Есімге сілтеме: Асқан

Аталық

қазақ есімі — атаға тән, атанікі.


Есімге сілтеме: Аталық

Әбдібақи

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + бақи (мәңгі, мәңгілік, яғни мәңгі жасаушы).


Есімге сілтеме: Әбдібақи

Әбдібақит

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + бақит.


Есімге сілтеме: Әбдібақит

Әбдіқадыр

араб тілінен алынған ғабд + қадир құдіретті, артықшылық, лайықты, басымдылық деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Әбдіқадыр

Әбдіқаиыр

араб тілінен алынған ғабд + каир — жақсы, мейірман, мейірімді, жақсылық қылушы, қайырымдылық жасаушы.


Есімге сілтеме: Әбдіқаиыр

Әбдіқайым

араб тілінен алынған ғабд + каим, мәңгі өмір сүретін, мәңгілік.


Есімге сілтеме: Әбдіқайым

Әбдірақым

араб тілінен алынған рахим — қайырымды, мейірімді, рақымды, мейрімділікті, рақымы түсушіліктің құлы. Қысқарған түрі — Әбдірақ.


Есімге сілтеме: Әбдірақым

Әбдірзақ

араб тілінен алынған рәззак — өмірге ризық беруші. Синонимдері — Әбдіразақ, Әбдіраззақ.


Есімге сілтеме: Әбдірзақ

Әбдіхалық

араб тілінен алынған ғабд + халық, жұрт, қауым, ел, халықтың, елдің қызметшісі.


Есімге сілтеме: Әбдіхалық

Әбілқайым

араб тілінен алынған кәю — мәңгілік өмір сұруші.


Есімге сілтеме: Әбілқайым

Әбілқайыр

араб тілінен алынған хаир - мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы.


Есімге сілтеме: Әбілқайыр

Әбілқан

қазақ тілінде хан — әмірші. әміршінің әкесі деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Әбілқан

Әбілқасым

араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі.


Есімге сілтеме: Әбілқасым

Әбусадық

араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық.


Есімге сілтеме: Әбусадық

Әлиасқар

араб тілінен алынған ғали — асқар, яғни құдіретті Әли деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Әлиасқар

Әсемқан

Әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.


Есімге сілтеме: Әсемқан

Бабақан

иран тілінен алынған бобо + қазақ тілінен алынған қан ( хан) яғни үлкен, ата хан.


Есімге сілтеме: Бабақан

Байбақты

дүниеге, өмірге бай адам, ер бала келеді деп күтті, үміттенді деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Байбақты

Байзақ

бай + зақ —ұзақ сөзінің қысқарған түрі. Баланың өмір-жасы ұзақ болып, көп жасасын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Байзақ

Байқошқар

бала ұрпаққа бай болсын деген тілекпен қойылғаны аңғарылады.


Есімге сілтеме: Байқошқар

Байқұт

ырыс, бақыт. Бала ырысты, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Байқұт

Байқұтты

бақытты бай деген мағынаны білдіретін есім. Түрі — Құттыбай.


Есімге сілтеме: Байқұтты

Байтақ — ұшы

қиыры жоқ кең, шексіз; шамадан тыс көп, өте мол.


Есімге сілтеме: Байтақ — ұшы

Бақай

араб тілінен алынған бахи — қатты, тұрақты, мәңгі.


Есімге сілтеме: Бақай

Бақи

араб тілінен алынған мәңгілік, адал, тұрақты.


Есімге сілтеме: Бақи

Баққожа

араб тілінен алынған бахт — бақыт, құт, ырыс + араб тілінен алынған ходжа — ұстаз, мырза қожайын. Бақытты ұстаз, ырысы асқан мырза.


Есімге сілтеме: Баққожа

Бақталап

араб тілінен алынған бахи + қазақтың сөзі талап. Бағы асқан талапты, талант иесі болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бақталап

Бақтарай

араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі арай. Бақыты жанған, жайнаған деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Бақтарай

Бақтияр

иран тілінен — бақытты, кұтты.


Есімге сілтеме: Бақтияр

Бақтыбай

араб тілінен — бақытқа бай, бақытты.


Есімге сілтеме: Бақтыбай

Бақтыгүл

Араб тілінен алынған бақыт және қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.


Есімге сілтеме: Бақтыгүл

Бақытбек

(қараңыз: Оразбек).


Есімге сілтеме: Бақытбек

Бақытжан

араб тілінен алынған бәхт + иран тілінен алынған жан. Бақытты жан, бағы асқан адам.


Есімге сілтеме: Бақытжан

Бақытжар

араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі жар — дос. Бақытты жолдас болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бақытжар

Бақыткелді

(қараңыз: Оразгелді).


Есімге сілтеме: Бақыткелді

Бақытқалы

(қараңыз: Оразалы).


Есімге сілтеме: Бақытқалы

Балақай

бала сөзінің еркелетіп айту түрі.


Есімге сілтеме: Балақай

Балқадиша

Ақылды Қадиша.


Есімге сілтеме: Балқадиша

Балқы

елжіреу, насаттану. біріккен тұлғалы түрі — балқыбек.


Есімге сілтеме: Балқы

Балмұқан

араб тілінен алынған бал + араб тілінен алынған мухқан — қызмет етуші. Адал жүрегімен қызмет етуші.


Есімге сілтеме: Балмұқан

Барақ

араб тілінен алынған бәррақ — баррақ - жарқыраған, құбылған.


Есімге сілтеме: Барақ

Баржақсы

барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Баржақсы

Басқан

баласы өлгеннен кейін туған балаға осындай ат қойылған.


Есімге сілтеме: Басқан

Батырқан

әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.


Есімге сілтеме: Батырқан

Бейқұт

иран тілінен алынған — тыныш, бейбіт.


Есімге сілтеме: Бейқұт

Бекқали

бек + араб тілінен алынған ғали - мықты, күшті.


Есімге сілтеме: Бекқали

Берқайыр

қазақ тілінен алынған бер + араб тілінен алынған хайр - жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Берқайыр

Боздақ

жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.


Есімге сілтеме: Боздақ

Болатқожа

мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Болатқожа

Бұқа

(қараңыз: Танабай).


Есімге сілтеме: Бұқа

Бұлақбай

бұлаққа балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бұлақбай

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.