Өлең, жыр, ақындар

Иүгінеки Ахмед

Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.


Нақыл сөздері

Сабыр ет, қуаныш күт - бәле келсе,
Күте тұр - қайғы, реніш ала келсе.

Ілмектер: сабыр, қуаныш, бәле, қайғы, реніш Иүгінеки Ахмед

Өз ашуын өзі баса білген адам - күшті адам.

Ілмектер: ашу, сабыр, Адамдық борышың Иүгінеки Ахмед

Дәрежең өскен сайын ұстамды болғайсың.

Ілмектер: дәреже, ұстамдылық, тәрбие, өнеге Иүгінеки Ахмед

Кішіпейілдің - абыройы асар,
Тәкаппардың - құты қашар.

Ілмектер: кішіпейіл, абырой, тәкаппар, құт Иүгінеки Ахмед

Кеуде керіп, халықты тілдемес болар.

Ілмектер: халық, өсиет, кеуде Иүгінеки Ахмед

Жомарт бол! Жомарттық сені сүйкімді етеді.

Ілмектер: жомарт, сүйкімді, тәлім-тәрбие Иүгінеки Ахмед

Сараңның жиған малы - арам.

Ілмектер: сараң, мал, арам Иүгінеки Ахмед

Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды.

Ілмектер: дүние, мал, сараң Иүгінеки Ахмед

Сараң - малдың құлы.

Ілмектер: сараң, мал, құл Иүгінеки Ахмед

Берместің қолы бермеске бекем келер.

Ілмектер: сараң, сараңдық Иүгінеки Ахмед

Жақсы мінез - жомарттық.

Ілмектер: мінез-құлық, мінез, жомарттық Иүгінеки Ахмед

Қайырсыз адам - жеміссіз ағаш.

Ілмектер: адам Иүгінеки Ахмед

Ойлы сөз - ұтқыр, ойсыз сөз - жұтқыр.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды,
Сөздері білімдардың қартаймайды.

Ілмектер: сөз, білімдар Иүгінеки Ахмед

Асыл сөз - аз, қалжың сөз - көп.

Ілмектер: сөз, қалжың Иүгінеки Ахмед

Тіл мен жақтың көркі - сөз.

Ілмектер: тіл, сөз Иүгінеки Ахмед

Шын сөз - бал, жалған сөз - жуа.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Көп сөйлеген сөз - арзан.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Тәкаппардың тонын киме.

Ілмектер: тәкаппар, тәкаппарлық Иүгінеки Ахмед

Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.

Ілмектер: адамгершілік, ер Иүгінеки Ахмед

Қарап көріңіз