Өлең, жыр, ақындар

Иүгінеки Ахмед

Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.


Нақыл сөздері

Көрсетсе мейірбандық бейімделіп,
Шапағат сыйла сен де пейілденіп.

Ілмектер: шапағат, нақыл, афоризм, мейірбандық Иүгінеки Ахмед

Жалған сөз – ауру, шаншудай,
Әділ сөз – шипа, жанға жай.

Ілмектер: шипа, шындық, нақыл, афоризм Иүгінеки Ахмед

Тіліңді тый – тісің сынбайды.

Ілмектер: тіл, тіс, сөз, тіл туралы Иүгінеки Ахмед

Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

Ілмектер: сөз, тіл, Иүгінеки, Есепті сөз, мылжың Иүгінеки Ахмед

Қарапайымдылық — жасыл алқап.
Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.

Ілмектер: қарапайымдылық, адамгершілік Иүгінеки Ахмед

Білікті білім жинап, кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп өнер.

Ілмектер: білім, кәсіп Иүгінеки Ахмед

Кімнің досы жақсы болса, өзі де жақсы болады.

Ілмектер: дос Иүгінеки Ахмед

Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.

Ілмектер: тіл, ер Иүгінеки Ахмед

Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.

Ілмектер: білім, іс, өкініш Иүгінеки Ахмед

Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді.

Ілмектер: білім, сөз Иүгінеки Ахмед

Жарлының жалғыз байлығы - білім.

Ілмектер: кедей, жарлы, білім Иүгінеки Ахмед

Бұ дүние - өнерліге өгей-ді,
Қамсыз адам өнері жоқ көбейді.
Өнер дәулет әкелмейді кісіге,
Сол-ақ қиын, сонда кімдер жебейді.

Ілмектер: өнер, адам Иүгінеки Ахмед

Кедейдің кертіп жер малы - білім.

Ілмектер: кедей, білім Иүгінеки Ахмед

Білікті біліп айтар.

Ілмектер: білім Иүгінеки Ахмед

Біліксіз білмей де сөйлей береді.

Ілмектер: білім Иүгінеки Ахмед

Әдептің басы - байқап сөйлеу.

Ілмектер: әдеп, сыпайылық, әдептілік Иүгінеки Ахмед

Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.

Ілмектер: білім, сөз Иүгінеки Ахмед

Өнерлінің - өкініші көп,
Өнерсіздің - өкініші жоқ.

Ілмектер: өнер, өкініш Иүгінеки Ахмед

Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді.

Ілмектер: адам, қарттық, жастық, өмір Иүгінеки Ахмед

Бақыттың жолын білім ашар.

Ілмектер: бақыт, білім Иүгінеки Ахмед

Қарап көріңіз