Жарлының жалғыз байлығы - білім. Ілмектер: кедей, жарлы, білім Иүгінеки Ахмед Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жарлының жалғыз байлығы - білім.
Қарадан хан болсам — халқым қалаған болар, Айырдан нар болсам — атам жараған болар, Жоқтан бар болсам — құдайым қараған болар. — Сырым Датұлы кедей, халық
Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес. — Шал Құлекеұлы кедейлік, жігіт
Арыңды сақта, болсаң да малға кедей. — Қожа Ахмет Йассауи ар, мал
Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы — Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кедейлік, еріншектік
Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн. — Конфуций кедейлік, қорқу
Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей. — Сократ ақша, кедей
Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол, Сайрап келiп тұрады үш қара жол. Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы, Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол — Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жаман, қатын
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ. — Жиренше шешен үміт, жас
Хабарлама
INFO
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі