Өлең, жыр, ақындар

Молла Жами

Абдур-Рахман Жәми, «Абдур-Рахман Нұр әд-Дин ибн Ахмед } Жәми (7.11.1414, Хорасан аймағы, Жәм қаласы, - 9. 11.1492, Герат) - парсы ақыны, филолог. Әуелі Гераттағы Дилкаш медресесінде, кейін Самарқандағы Ұлықбек медресесінде білім алған. Самарқанда ғалымдармен тікелей араласып, олардын арасында білімділігімен даңқы шыққан. Гератқа оралған соң, сарай қызметінен бас тартып, сопылық жолға түскен. Ақын шығармаларында сопылықты насихаттау, халықтың азапты өміріне жаны ашып, қанаушыларды әшкерелеу кабаттаса жырланды. 1456 жылдан Гератқа X. Байқараның сарайында қызмет атқаррды. Осы кезде Әлішер Науаимен танысты. Абд өр-Рахман Жәмидің алғашқы шығармасы - өз дәуірінің энцилопедиясы іспеттес “Алтын шынжыр” дастаны. 1468 ж. Науаидің X. Байқара сүлтанның уәзірі болуы ақын жағдайын жақсартты. Абдур-Рахман Жәмидің даңқын шығарған туындылары лирикалық үш жинақ(1479 - 91) пен жеті дастаннан тұратын “һәфт авранг” Атты кітабы. Ал “Жүсіп - Зылиқа”(1483), “Ләйлі - Мәжнүн” (1484), “Сүлеймен мен Ибсол” (1479 - 80) дастандары парсы әдебиетіндегі нағыз шыншыл, гуманистік рухта жазылған туынды болады. “Бәһористан” (1487) атты прозалық шығармасында мұсылмандық шығыс әдебиетінің ірі тұлғалары, оның ішінде өзінің досы Науаи туралы құнды мәліметтер қалдырды.

Абдур-Рахман Жәми шығармалары қазақ халқына ертеден таныс. Оның “Жүсіп - Зылиқасы” мен “Ләйлі - Мәжнүні” халық арасында кең тараған. Шығармалары көптеген тілдерге аударылып, мол тиражбен тарады. Казақ тілінде “ Өлеңдер мен дастандар” атты жинағы жарияланды (1968).


Нақыл сөздері

Кімге мына бес нәрсе берілсе, ол адам бақытты:
- деннің саулығы,
- сенімді болуы,
- ризықтың көптігі,
- мейірімді және сенімді жар,
- сабырлылық сезімі.

Ілмектер: сенім, бақыт, Мейірімді, Сабыр Молла Жами

Қарап көріңіз