Өлең, жыр, ақындар

Махатма Ганди

Мохандас Карамчанд Ганди (гудж. મોહનદાસ કરમચંદ (મહાત્મા) ગાંધી, хинди मोहनदास कर्मचन्द (महात्मा) गान्धी, ағылш. Mohandas Karamchand "Mahatma" Gandhi; (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) - Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.

Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады, қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға "Үндістаннан тайып тұрыңдар!" деп алғаш ұран тастаған да М.Ганди болатын. Бір қызығы ұлы тұлға 1946 жылғы үнді моряктарының көтерілісін айыптады. Себебі, М.Гандидің ойынша Үнді халқы тәуелсіздікке тек бейбіт жолмен ғана жете алатынынына имандай сенуінде еді және өзі осы жолды мықтап ұстанды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген ол ұлы мұрат жолында титтей де солқылдақтық танытпады, таңдап алған жолына адал болды.

Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды бірлікке шақырды. 1948 жылы 30 қаңтарда Махатма Ганди Үнді реакцияшыл ұйымдарының мүшесі Натхурам Годзе дегеннің қолынан салтанатты митингі кезінде қастандықпен өлтіріледі.


Нақыл сөздері

Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана.

Ілмектер: алтын, күміс, еңбек Махатма Ганди

Бақыт дегеніміз – бұл сіздің ойлағаныңыз, айтқаныңыз бен істеген ісіңіздің өзара үйлесімде болуы.

Ілмектер: бақыт Махатма Ганди

Жүректілік басқа ізгі қасиеттерді дамыту үшін міндетті түрде қажет. Ерліксіз ақиқатты іздеуге немесе махаббатты аялап сақтауға бола ма?

Ілмектер: қасиет, ерлік, махаббат, ақиқат Махатма Ганди

Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.

Ілмектер: болашақ, өзгеріс Махатма Ганди

Мақсатыңды тап, ресурс табылар.

Ілмектер: мақсат, ресурс Махатма Ганди

Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес.

Ілмектер: ар, ұят, дауыс Махатма Ганди

Қарап көріңіз