Корейская косметика премиум класса

Шал Құлекеұлы

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны.

Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Жастық өтер, кәрілік жетер.

Ілмектер: жастық, кәрілік, өмір Шал Құлекеұлы

Адам әуелі бастан қартаяды.

Ілмектер: адам, қартаю, қарттық, бас Шал Құлекеұлы

Өткен іске өкінген өмір зая.

Ілмектер: өмір, зая, өкініш Шал Құлекеұлы

Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.

Ілмектер: қарт, қарттық, жас, күндеу, өмір Шал Құлекеұлы

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Ілмектер: әйел, ағайын, туыс Шал Құлекеұлы

Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.

Ілмектер: кедейлік, жігіт, намыс, дос Шал Құлекеұлы

Бардан жарлы болғандар болар арлы.

Ілмектер: кедей, бай, жарлы, ар Шал Құлекеұлы

Ашуланшақ келеді жарлы кісі.

Ілмектер: ашу, жарлы, кедей Шал Құлекеұлы

Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.

Ілмектер: шешен, жақсы, сөз, іс Шал Құлекеұлы

Бақ көшсе ақылыңа қарамайды.

Ілмектер: бақ, ақыл Шал Құлекеұлы

Білімің болсадағы ұшан-теңіз,
Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей.

Ілмектер: білім Шал Құлекеұлы


×