Өлең, жыр, ақындар

Альберт Эйнштейн

Эйнштейн Альберт, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал.


Нақыл сөздері

Қиындықтың дәл ортасында мүмкіндік жатады.

1930-жылдардағы ой-толғамдары мен сұхбаттарында айтылған афоризм ретінде кең тараған.
Оригиналы: In the middle of difficulty lies opportunity.

PS: Әрбір қиын жағдай — адамды шыңдайтын әрі жаңа жол, жаңа мүмкіндік ашатын сынақ. Қиындыққа дұрыс көзқараспен қарау табысқа бастайды.

Ілмектер: қиындық, мүмкіндік, өмір сабақтары, мотивация, табандылық, ойлау жүйесі, Альберт Эйнштейн, жаңа жол, жаңа мүмкіндік Альберт Эйнштейн

Өмір — велосипед тебумен тең. Тепе-теңдікті сақтау үшін үнемі қозғалыста болу керек.

1930 жылы ұлы Эдуард Эйнштейнге жазған хатынан.
Оригиналы: Life is like riding a bicycle. To keep your balance, you must keep moving.

Ілмектер: даму, әрекет, өмір философиясы, мотивация, табандылық, Альберт Эйнштейн, қозғалыс, өрлеу, алға жылжу Альберт Эйнштейн

Маңыздысы – сұрақ қоюды тоқтатпау.

Дерегі: Эйнштейннің ғылыми-философиялық сұхбаттарынан
Мағынасы: Даму мен жаңалықтың бастауы – ойлану мен күмәндану.

Ілмектер: даму, жаңалықтың бастауы, ойлану, күмәндану, шындық, ақиқат, сұрақ, ізденіс Альберт Эйнштейн

Әлемді жаман адамдар емес, жамандыққа үнсіз қарайтындар құртады.

Ілмектер: жаман адам, жамандыққа, жауапкершілік, немқұрайлылық, жаман, жақсы Альберт Эйнштейн

Көргенің мен түсінгеніңе қуана білу табиғаттың үлкен сыйы.

Ілмектер: сый, қуану, табиғат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Адамды естігені мен айтқаны қалыптастырмайды, еңбегі мен әрекеті қалыптастырады.

Ілмектер: адам, еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес

Ілмектер: Рүстем Абдрашев Альберт Эйнштейн

Ақиқат — тәжiрибе сынынан өте алатын нәрсе.

Ілмектер: Ақиқат, тәжiрибе, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Ғылым — қоршаған әлемнің барлық құбылыстарын жүйелеу арқылы жинаған адамзат ойының көпғасырлық жұмысы.

Ілмектер: ғылым, әлем, құбылыс, ой Альберт Эйнштейн

Қиял күші – барлық нәрсенің негізі. Сіздің күтіп тұрған көркемдіктің фрагменті секілді. Қиял күші білімнен де маңызды

Ілмектер: Қиял, Қиял күші Альберт Эйнштейн

Ойынның ережелерін жақсы меңгеріп ал. Сонан кейін барып, басқалардан жақсы ойнауды бастау керек.

Ілмектер: ойын, ереже, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Шынайы өмірге қатысы бар математика заңдылықтары сенімді емес, ал сенімді математика заңдылықтарының шынайы өмірге түк қатысы жоқ.

Ілмектер: математика, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз.

Ілмектер: проблема, шешім, көзқарас, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Кітаптан тауып алатын нәрсеңізді ешқашан есте сақтамаңыз.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, есте сақтау Альберт Эйнштейн

Менің кабинетімде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым.

Ілмектер: Энциклопедия, нобель сыйлығы, шкаф, білім Альберт Эйнштейн

Адам естіп-білгені арқылы ғана жетілмейді, еңбек пен іс-әрекет үстінде қалыптасады.

Ілмектер: еңбек, жетілу Альберт Эйнштейн

Мен еш уақытта еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын.

Ілмектер: оқу, жағдай Альберт Эйнштейн

Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген.

Ілмектер: сұрақ, адам, әуесқой Альберт Эйнштейн

Саусақ аспанға көтерілгенде — ақымақ сол саусаққа қарайды.

Ілмектер: ақымақ Альберт Эйнштейн

Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.

Ілмектер: бақыт, өмір, адам, мақсат Альберт Эйнштейн

Қарап көріңіз